Bugin

Ажал дәптері

Менің, сіздің , бәріміздің жанымыз – мәтінде. Прозада қалам тербеп жүрген жас талант Әлуова Гүланардың әңгімесін оқып шығыңыз.Мүмкін, ішінен өзіңізді танып қаларсыз...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Таңертең ертемен жұмысқа келіп алған менің әбден дегбірім қашты. Марат Хасеновтың тапсырмасымен арнайы сұқбат дайындауым керек еді. Оны да бітірмедім. Далада ышқына соққан желдің гуілі де тыныштық күйіндігі  мені мазақтай, мысқылдай күлетін секілді. Бұл апта менің соңғы мүмкіндігім болмақ. Қалайда бір амалын тауып, Хасеновтың көңілінен шығатын жұмысты апарып көрсетуім керек.

Таң. Сағат 08:00. Ахтанов көшесінің бойымен бірінен соң бірі орналасқан биік-биік ғимараттардың арасынан 50-ші үйді таба алмай келемін. Келе жатып "егер Мақсат Иманалиевпен тілдесіп, ақпар алып оны жарияласам, бастыққа сөзсіз ұнары анық" деп келеді ішкі дауысым. Мақсаттың кім екенін Алматы емес, Бүкіл Қазақстан білетін шығар. Біршама психологиялық, мистикалық жанрдағы әңгімелердің авторы. Жақында ғана шығармасы біздің сайт өткізген сайыста жүлдеге ие болды емес пе?! Бірақ неге екені үрейленіп келемін. Жоға, неге қорқасың? Журналист ретінде бірінші рет сұқбат алуың емес қой?! Тоқта, бұл кісі өзгелерден өзгерек. Осыған дейін ешбір арнаға мәлімдеме берген емес. Бірде әріптесім Самат үйіне барғанда оны қабылдамай жіберді емес пе? Мен ше? Түбі жақсы аяқталарын сезсем де, бір үрей санамды улап қысып, матап қойды. 48, 49, әә, міне, 50-ге де келдім. Менде бір бағымды сынап көрейін деп есік қоңырауын бастым.

-Кім бұл?

-Сәлеметсіз бе?! Бұл мен, Серік Жанқожа, Ұлттық арна журналисі. Рұқсат па? - дедім. Үнсіздік. Жауап жоқ.

-Кешіріңіз, рұқсат па? Тағы да жауап жоқ. Сірә, менің де жолымның болмағаны ғой деп ойладым да , теріс бұрылып кете бергенімде:

-Кіріңіз, - деп есігін ашып, мені ішке кіргізгенде оның күйік шалған жарты бетін көргенімде таңданысымда шек болмады. Е-е-е,бет жүзін жасырып, ешкімді қабылдамайтыны осыдан екен ғой деп қоямын. Бірақ тап мен келгенде есігін ашты? Бұл да үлкен сұрақ!

-Сонымен, не жоғалттыңыз? - деді маған. Өзі бір қызық кісі екен.

-Эм, сізге қояр бірер сұрағым бар, мырза?

-Қоя бер! Неге маған есік ашты? Мені неге қабылдады деп ойланып тұрмысың? Жауап біреу: мен саған көмектескім келеді. Мен сенің соңғы мүмкіндігіңмін, дұрыс па? Қоя бер сұрағыңды, - деп қайталаумен болды.

«Ооо, тоба, мұны қайдан біледі ей? Көріпкел ме немене? Қайдан ғана келдім екен, қорқайын дедім...

-Жазушылық қабілетіңіз бала кезден бар ма? Кішкентайыңыздан жазуға машықтандыңыз ба? Сіз жазушы болмасаңыз, кім болған болар едіңіз? - деген менің жалпы сұрақтарыма нағыз жазушылардай байсалды кейіппен, асықпай әңгімесін айтып жауап беруде. Менің дайындап келген сұрақтарымның бірінен соң біріне аз аздан қысқа жауап қайтара бастады.

 Шамалыдан соң қояр сұрағым да таусылды, бірақ іштей өзі айтпаса да бетіне не болағынын сұрағым кеп барады.

-Жартылай күйік шалған бетіме таңданып тұрсың ба? Оның да бір тарихы бар, - деп күрсіне жақтауда ілінген картиналарға қарап.

-Мүмкін айтып берерсіз, тыңдау үшін келдім ғой, - дедім мен, оның не әңгіме екеніне қызыға түсе.

«Осыдан 20 жыл бұрын, 20 жасымда жалындап тұрған кезім еді. Күнде жиын, күнде той болған менің өмірім кенет бір кештен кейін 180 градусқа өзгеріп сала берді. Сол түні қаладағы танымал жазушы Досхан досымның үйінде жиналғанбыз. Арқа-жарқа боп, ырду-дырду әңгімелердің ортасында отырмыз. Сол кеште бұрыннан таныс достарым да, жаңадан келген адамдар да - барлығы жиналған. Қалың адамның ішінен маған бұрыннан жүзі  таныс секілді, бірақ кім екені есімде жоқ бір жігіт ерекше назар салып қарап отыр екен. Әлгі адамға мен де қарап қоямын, бірақ қанша қарасам да есіме түсер емес. Қасыма жақындап келіп:

-Мақсат?

-Иә,мен Мақсат,к ешіріңіз сізді тани алмадым.Бұрын көрісіп пе едік?

-Осыдан 2 жыл бұрын біз Мәскеуде өткен жас жазушыларды марапаттау жиынында бірге болғанбыз. Қазақстаннан тек екеуміз ғана шақырту алғанбыз.

-Уәли? Сенбісің? Қалайша ұмытқам сені?.. Көрмегелі біраз болыпты. Еее, сол күні бәрінен бұрын сен көбірек қамығып едің ғой.

-Иә, солай. Бірақ мен неге күйінгенімді тіпті айтпадым. Мақсатым ең үздік шығарма үшін берілетін сол бір миллион ақшаны алу болған. Мұқтаж болдым. Сен ұттың, мен жеңілдім.

-Не үшін? Кезінде айтқаныңда мүмкін саған көмектесер едім.

-Бәрі кеш. Маған бір өзі әке де6 ана да болған анам хал үстінде жатыр еді. Уәде бердім, ақша алып, емдетемін дегенмін. Бірақ барлығы мен күткендей болмады. Қайтып келгенімде анамнан айырылып қалдым. Тағдырдың жазғаны...

-Өте өкінішті. Сенің жүзің былай таныс болғанымен, бір көргеннен сен екеніңді біле алмадым ғой! Өзгеріп кетіпсің.

-Жәә, оны қойшы. Сенің Досханның досы екеніңді жақында білдім, осы кешке де келетініңе сенімді едім. Сол себепті саған арнайы сый жасайын дегем. Қаламың талмасын, тек жаза бер, достығымыз үзілмесін, мінекей, - деді маған жылы шыраймен, қолындағы қызғылт дәптер мен қаламын ұсына.

Мен  сыйлық алуды күтпегеніммен қуанғаннан бар рақметімді айтып, таныс достарымның біріне амандасуға көрші бөлмеге кіріп кеттім. Жаңа ғана жылы шыраймен сыйлығын беріп, шығарып салған ескі танысымның  көзінен бір сәт сүйіспеншілік емес,  ыза мен ашуға булыққан отты жалынды көргендей болдым. Бірақ мән бермей отыра бердім.

                                                           **********************

Сағат таңғы 4-тің шамасы, жалғыздан жалғыз үй жалдап тұратын менің ұйқымды тарс- тұрс еткен дауыстар бұзды. Бісміллә, үйде кім болғаны,жатарда есікті құлыптамағаным ба дедім, дауысым дірілдей. Кенет өзіммен өзім әлгі Уәли  сыйлаған дәптерге барып, қолыма қаламымды алып небір шытырман, қорқынышқа толы оқиғаларды жаза бердім, жаза бердім. Өзімді басқара алар емеспін. Құдды бір мені басқа біреу күштеп жаздырып жатқандай. Ойыма тек жағымсыз көріністер..өлім.. қан төгіс қана келді. Бір сәт қалай ұйықтап қалғанымды білмеймін бірақ, көзімді ашсам жерде жатыр екенмін. Басым дел сал болып, жерден атып тұрар әл дәрменім қалмағандай сезілді. Сағатты қарадым. Түс ауып қалыпты. Бағыма орай бүгін жоспарланған кездесулер мен шаруалар жоқ екен. Тапжылмай жатқан күйі жата бердім. Бір сәт керуетімнің астында жатқан дәптерге көзім түсті. Ішін ашсам түнімен біраз мистикалық әңгімелер мен шытырман оқиғаларды жазып тастаппын. Астафируллах,жын ба пері ме? Мен ештеңе жазбадым ғой! Бірақ менің қаламым менің жазуым... Досханға қоңырау шалуды ойладым, бірақ мені есінен адасыпты жын кірген деп жүрер. Тынышыма отырайын дедім.

 Түн батты. Қарбаласқа толы күннен кейін қалай шаршап қатты  ұйықтап қалғанымды білмеймін. Есімде ешнәрсе қалмаған. Сағат тілі 4ке таяғанда сол бір күш мені тағы да дәптерге қарай итеріп, еріксіз қаламым ды қолға ұстата, небір адам ойына кіріп шықпайтын әңгімелерді жаздыруда.. Менің қарсыласуға шамам  келмеді, жаз жаз деп сыбырға ұқсас дауыспен менің қолдарымды басқарып ойыма басшылық еткендей. Түкте түсінбедім. Борша борша болып, терге шомылып тағы да жерде ұйықтай кеттім.

Ертесіне оянып, есімді жисам күндегі қайталанатын әрекет. Дәптерді бітіруге қалыппын. Дәптер түсі қызғылт түске өзгергендей, мен шошып кеттім. Тағы да түк түсінсем бұйырмасын. Жуынып шайынып, таңғы асымды да ішіп енді сыртқа шыға бергенімде, радиодан:бүгін түнде Ахтанов көшесінің бойында, жаңа пәтерлердің бірінде тұратын бейкүнә отбасын, белгісіз адамдар келіп түгелдей қырып кетті. Кейбіреулердің айтуынша, ұрылар болуы мүмкін. Бірақ таңғаларлығы оларды әлі қолға түсірмеген, арттарында айғақ та жоқ,-деген хабарды естідім. Денем түршіге, бұл заман не болып кетті өзі? Адам аямайтын қаныішерлер дедім де есікті құлыптап шығып кеттім. Бүгін сағат 5те Досхан досыммен «Қыз Жібек» кафесінде кездесеміз деп келіскенбіз. Үйден шыға сала жақын маңайдағы аялдамадан кафеге жеткізеді деген автобустардың біріне отырдым. Автобус іші лық толы. Енді бір тағы 3-4 адам мінсе, қыстырылып симай қалатын түріміз бар. Жанымда бір оқушы жігіт отыр екен. Қолында соңғы үлгідегі айфоны, қарадым да қызығып қойдым. Кезінде мен оқушы болғанда айфон тұрмақ, нокианы да қалтамыз көтермеп еді. Әй, қазіргілер бақыттысыңдар ғой! Қит етсе ата-аналарың дегендеріңді істеп, тым шектен шығады ау. Бір сәт оның телефонынан көріп отырған видеосына көзім түсіп кетті. Олда мұны байқағандай дауысын маған естілердей шығарды. Өскемен қаласында бір жас жігіт өз анасы мен сүйген қызын пышақтап кетіпті. Әзірге жігітті түрмеге қамап, тергеу ісі жүруде. Сот экспертінің пайымдауынша, жігітте психологиялық ауытқу болған деп жаңалықтардан жар салып айтып жатыр екен. Осымен екінші рет деп айтып қалдым. Аға не дейсіз деп әлгі оқушы. Жоға, ештеңе емес деп автобус кафе маңына келіп тоқтағанда, түсіп қалдым. Денемді бір әлсіздік басып алға қарай жүріп келем.

-Досым,келдің бе? Мына түрің не? Әбіржіп кетіпсің ғой!

-Жоқ, жұмыстан болар. Бәрі дұрыс, алаңдама.

-Еее, досым, жағдай былай. Бір көмегің керек!

-Досхан, айта бер, менің қолымнан келер бір іс болса, әркез дайынмын ғой, оны несін сұрайсың!

-Таак, жағдай мәз емес. Менің інім Ергенді танисың ғой! Өткенде ғана кісі өліміне қатысты айыппен түрмеге жабылды.

-Немене? Қашан? Қалайша?

-Ергеннің түкте айыбы жоқ, тек сол түні оқиға орын алғанда, Ергеннің іс-әрекеті күдікті ретінде алынып, толық тергеу жүргізілместен,жабық сот өтіп барлығы ойрандалды. Қысқасы, ол өзінің ішімдікке масайған бастығын үйіне жеткізіп салмақшы болады. Әрине, ол кісіде мұны одан өтінген. Кенет, бастығына әлдене керек болып жақын маңдағы дүкенге кеткен уақытта, бастығын әлдекім 15 жерден пышақтап асфальтқа денесін бөлшектеп тастап кетіпті. Мұны істеген жаулары болуы керек, я бір бейнекамераға да түспеген, іздерін суытып үлгерген. Ерген қайта оралған сәтте айнала полицейлер, оны тергеуге алып ары қарай өзің білетіндей...

-Үһһһ... О, Құдайым өлімге толы күн болды ма?! Астафируллах!! Не болып кетті өзі? Иа, мен не істей аламын? Қандай көмек күтесің менен?

-Сенің детектив досың бар еді ғой! Сонымен сөйлесші, бұл істің ақ қарасын анықтап, інімді шығарып алуға көмектессе..

-Әрине, Досхан. Бар көмегімді аямаймын. Сенде сақ бол!

 Үйге қайтып барам. Ойымда сан түрлі нәрсе.. Азғындалып бара жатқан қоғам ба әлде адам ба? Адам өзгірді ме замана ма ? . Түнімен ұйқы бермей әлгі «сыйлыққа келген» дәптерге жетелейтін тылсым  күшті де ойлап келем. Ұйықтауға қорқатын болдым тіпті. Көзім ілінсе, сағат тілі 4те мен бір өзге әлемнің шырмауына түсемін. Оларда менің жазушы екенімді біле ме, қолға қаламымды алып еріксіз жаздыра береді, жаздыра береді.

                                                      *******************

Дәптерді парақтап отырмын, әр бетті ашқан сайын қан иісі келеді.. өзге иіс... Бұрын ашуға тіпті ұстауға да қорқатын менің бүгінгі ісімді өзге түгіл, өзімде түсінер емеспін.

 Жоқ, мүмкін емес. Мүмкін емес... Сонда менің жазған қанды оқиғаларымның барлығы шын өмірде орындалғаны ма? Не болғаны? Бұл қалай болғаны? Сонда Уәлидің сыйға тартқан дәптерінде тылсым күш бар болғаны ма? Қалайша? Әлгінде Досханның « осы Уәлидің қара магиямен байланысы бар дегеніне сенбеуші едім, ә сол рас болғаны ма?    О, Құдайым осынша маған тіс қайрайтындай мен не бүлдірдім? Кенет  оның сол кештегі сөздері есіме оралды. «Сен жеңдің,мен ұтылдым,сол ақшаға мұқтаж болдым,анамнан айырлым.... Еее, енді түсіндім.. Соның қарғыс атқан дәптерімен қаншама жанның өмірін ойран еттім ғой... Не істедім мен ? деп қайта қайта жылаумен болдым. Бір сәт зілді дауыспен өрте өрте деген әлдекімнің үнін естідім. Айналама қарасам, қанға толы қаламнан басқа ештеңе көрмедім. Тағы да сол дауыс, енді бәсең үнмен... Өрте өртее деп қайталай түсті. Шылым шекпесемде, қазақы ырымғой, жастығымның асытына ылғи сіріңке, тіл көз, жын-шайтаннан қорғайтын әжемнің бойтұмарын қоятынмын. Орнымнан атып тұрып,л езде сіріңкені тұтатып, дәптерге жағып кеп қалғанда кішкентай ғана дәптердің жалыны бетімді шарпып, лап ете қалды.Сонан соң есімде түк жоқ. Әдеттегідей ұйықтап қалған болуым керек. Ертесіне азанда тұрғанымда, жарты бетімнің күйік шалғанын көрдім. Бір жағынан, сол дәптерден «ажал дәптерінен» құтылғаныма қуандым. Мүмкін өрте деп айқайға басқан күште, мені ақыретке алып кетпекші болды ма, бірақ анық білерім жарты бетімнің ғана күйіп аман қалғаны сол әжемнің бойтұмарының күші.

                                                    ***************

-Алло, сәлеметсіз бе?! Мен Серік Жанқожа, ұлттық арна журналисті. Өткен аптада сізге барып едім ғой!

-Иа, аманбысың! Есімде , Серік. Не болды тағы келемісің? деді маған сақ сақ күліп.

-Жоға, рақмет! Айтайын дегенім, сіздің сұқбатыңыздан кейін бастығым жұмысымды жоғары бағалап, бүгін кешке сол кісінің үйіне қонаққа шақырған, сонда барамын. Сізге алғыс білдірейін дегем..

-О не дегенің, барлығы жақсы өтсін. Сау бол!

                                                     ********************

     Кеш. Алматыдағы сән салтанаты жарасқан екі қабатты менің бастығымның үйінде қонақ болу менің бағыма бұйырған екен. Бір жағынан қызметте жоғарыладым. Бастығым ның оң қолына айналдым десе де болады. Кейде отбасылық шаруаларында маған сеніп тапсырады, әйелі де бір жақсы адам, барған сайын тәтті дәмдісімен тосып алады. Енді емін-еркін шетелге шығып тұрардай айлық аламын. Одан артық не керек? деп қуанып іштей шат-шадыман болып, кештің қызығына кіріп кеттім. Мәскеудегі ең қымбат деген «Магарач»шарабын алдыртқан екен, бір-екі ұрттаған соң тууф тегі көңіліп жайланып, жаным жадырай кеткені сол екен, бастығымның сұлу жап жас әйелі, әзілдеп кейде жеңеше деймін ау, жайғаса кетіп:

-Серік, саған сыйлығым бар, сен журналистсің ғой , мына қызғылт дәптерді ал, Мәскеуден алдыртқам, осы кештің қонақтарына  деп ұстата бергенде, неге екенін білмеймін Мақсат мырзаның сол кештегі оқиғасы көз алдыма елестеп, әлгі әйелді дәптерімен қоса бір итеріп жібердім. Шараптың әсерінен бе, көп ішіп қойдым ба, не істегенімді білмей қалдым. Мұны көрген бастығым мені жеп қоярдай, қатынжандылығын қайтейін, менің желкемнен ұстап, үйден бір шығарды. Соңғы айтқан сөзі, жұмыстан боссың деді..

Таң. Шараптың қымбаттылығын қайтейін, басым жерге түсіп қалардай мең-зең. «Ажал дәптерінен»құтылғаныма қуанайын ба, әлде жұмыссыз қалғаныма қынжылайын ба?! Мен Серік Жанқожа, Ұлттық арна журналисті....  эмм жоооқ. Мен Серік жәй ғана Серік....