Bugin

Кремль Путиннің жемқорлығы жайлы түсірілген фильмге түсінік берді

Сарай Путиндікі ме, жоқ па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

РФ Президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Путин сарайы" туралы фильмге түсініктеме берді. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің жемқорлығы жайлы фильмді оппозиционер Алексей Навальный түсірген болатын. Навальный Путинді мемлекеттік қаржыны жымқырды, мемлекеттік билікті баюға ғана қолданды деп айыптады. Әрі президент әлемдегі "ең қымбат сарайды" тұрғызып жатыр деп дерек келтірді.  

Алайда Дмитрий Песковтың айтуынша, фильмде баяндалған оқиғалардың барлығы өтірік.

"Фильмді әлі көрген жоқпын. Шындап келгенде, бұл – өтірік", - деп жауап берді Песков тілшілердің Путинге салынып жатқан сарай туралы сауалына.

"Дворец для Путина. История самой большой взятки" фильмі оппозионердің YouTube-арнасында жарияланды. Қазірдің өзінде 15 млн-ға жуық көрілім мен 460 мың комментарий жинады.