Әлем жаңалықтары

Путиннің қас жауы оның қылмысын әшкерелейтін фильм шығарды

Фильмде Навальный Путиннің ең үлкен сырын жайып салмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный президент Владимир Путин туралы детективті фильм шығарды.

«Путиннің сарайы. Ең қомақты пара тарихы» атты фильмді 1 сағат ішінде миллиондаған халық көрген. Видео YouTube-та жарияланды деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.

Видео мазмұнында көрсетілгендей, Навальный оны Ресейге оралмас бұрын жазып алған.

“Біз фильмді кейін шығарамыз деп келіскенбіз.  Алексей “Путиннен қорыққандықтан ең үлкен сыры жайында шетелде жүріп түсіріпті, себебі қорқады” деген ой туындағанын қаламады. Путин де олай ойламасын”, - делінген видео астындағы пікірде.

Фильмді мына сілтеме арқылы тамашалай аласыздар.

Германияда 4 айға жуық ем қабылдаған Алексей Навальный Ресейге 17 қаңтарда оралды. Шереметьево әуежайында полиция қызметкерлерінің қолына түсіп, 30 күнге тұтқындалды.

Кейін Ресейде рубльдің құлдырағаны хабарланды. Мұны сарапшылар Навальныйдың оралуымен байланыстырды. 

"Валюта бағамы елде болып жатқан оқиғалардың қиындығы мен қаупіне тікелей байланысты. Ал Навальныйдың елге оралуы – қауіп. Егер рубльдің құлдырауына тағы бір себеп табылса, онда ұлттық валюта мүлдем құлдырайды", - деген еді қаржы нарығының сарапшысы Дмитрий Голубовский.