Bugin

Макс Боқаев: Сот істі қараудан жалтарып отыр

Түзету мекемесінде байланыс жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазір қамауда жатқан белсенді Макс Боқаев Атырау қалалық сотының жазаны жеңілдету бойынша сот отырысын өткізуге қашып отыр деп мәлімдеді. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы КазТАГ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Белсендінің адвокаты Жанар Сүндетқалиеваның  айтуынша, сот отырысқа бақылаушылар мен тілшілерді қатыстырмау үшін процесті кейінге шегерген.

"Сот отырысы 19 қаңтар күні 15.30-да болуы керек еді. Отырысқа қатысуға 15 бақылаушы мен журналист тіркелді. Бірақ түзету мекемесінде видеобайланыс нашар болғандықтан, сот отырысты сағат 16.30-ға шегерді. Отырыс көшпелі болсын деді. Содан біз түзету мекемесіне бардық. Оларда сот отырысына бақылаушылар мен тілшілерді қатыстыру туралы өтінішхат болғанымен, бізді кіргізбеді. Карантин уақыты әрі күзеттегі мекеме болған соң, отырысты байланыс желісі қалпына келгенде өткізейік деп өтініш айттық. Бірақ сот бас тартты. Сонда Макс Боқаев судьяның істі бұрып отырғанын түсінді. Содан отырысқа кейінгі қалдырылды", - деп түсіндірді қорғаушы Сүндетқалиева.

Бұған дейін Макс Боқаевтың досы Талғат Аян белсендінің 4 ақпан күні босап шығатынын хабарлаған еді. Бірақ түзету мекемесі бұған қатысты түсінік берген жоқ.

Оның үстіне Талғат Аян Боқаев босатылғаннан кейін, оны әкімшілік бақылауға алуы мүмкін екенін айтқан. 19 қаңтар күнгі сот осы мәселені қарауы керек еді.

Әкімшілік бақылау дегеніміз – жазаның жеңілдегені түрі, яғни, босап шыққан жаза өтеушіні бірнеше ай бақылауда ұстау (қаладан, елден шықпауын, уақытында үйге келуін қадағалау, пробация органына тіркеу т.б.).