Қоғам
Қалаға кісі есімін беру тәжірибесі Еуропадан тараған.
Астананың «Нұр-Сұлтан” болып өзгеруіне шуластық. Ал әлемде әйгілі адамдардың, әсіресе мемлекет басшыларының есімін қалаларға беру ерте ғасырлардан бастау алған. Мұны Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі “Штрихи к портрету” деректі фильмінде тілге тиек етті.
Ал жалпы қалаға кісі есімін беру тәжірибесі Еуропадан тараған.
Сонымен,
1791 жылы АҚШ астанасы Вашингтон деп елдің бірінші президенті Джордж Вашингтонның құрметіне аталды. Ал Дж. Вашингтонның өзі Американы 1799 жылға дейін басқарған.
Өткен ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік Вьетнам астанасы Сайгон қаласы да елдің алғашқы президентінің құрметіне аталды. Бірінші президенттерінің есімі – Хо Ши Мин. Ережеге сай, Вьетнамда географиялық атаулар бірге жазылады. Сол себепті қаланың да атауы “Хошимин” болды.
Гайана Республикасының астанасы – Джорджатун – ағылшын королі III Георг есімімен аталды.
Рим – қаланың негізін қалаған Ромулдың құрметіне аталды.
Жаңа Зеландия астанасы – Веллингтон – герцог Артур Уэлслидің құрметіне қоылды.
Валлетта – Мальта Республикасының астанасы. 1565 жылы қаланы түріктерден қорғап, қаланың негізін қалаған теңіз қолбасшысы, иоганниттер орденінің шебері Жан Парижо де ла Валлеттаның атымен аталды.
Ресейдің бұрынғы астанасы Санкт-Петербург те I Петр патшаның есімімен аталған. Кейін ССРО-ның бірінші жетекшісі Лениннің құрметіне Ленинград деп ауысты. 70 жылдан кейін қалаға Санкт-Петербург атауы қайтарылды.
Чили астанасы Сантьяго Испания әскерінің рухани қорғаушысы, миссионер Сантьягоның құрметіне қойылған.
Аделаида – Оңтүстік Аустралияның әкімшілік орталығы әрі ең ірі қалалардың бірі. Қаланың негізі 1836 жылы қаланды. 1830-1836 жылдары ел басқарған IV Уильямның әйелі Аделаида патшайымның құрметіне аталған.
Нұр-Сұлтан – Қазақстан Респбуликасының астанасы. 2019 жылдың 23 наурызында ҚР Парламентінің Жарлығымен елдің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталды.