Bugin
Тұңғыш президент Асқар Маминнің премьер лауазымында қалғанына қарсы емес
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comNur Otan партиясының мәжіліс фракциясы отырысында Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр лауазымына қайта тағайындалған Асқар Маминге қатысты пікір білдірді. Мұны Елбасы сайты хабарлады.
Тұңғыш президенттің ойынша, Асқар Мамин өз қызметіне лайық әрі үкіметті басқара алатын тұлға.
"Менің ойымша, сабақтастықты сақтаған жөн. Қиындықтарға қарамастан, Үкімет өз жұмысын жақсы атқарды. Өзге елдермен салыстырғанда біз жақсы нәтиже көрсеттік. Егер Президент Асқар Ұзақбайұлын ұсынса, онда мен сіздерден оның кандидатурасын қолдауларыңызды сұраймын", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кеткен жөн, 15 қаңтар күні Асқар Мамин президен Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынуымен премьер-министр лауазымына тағайындалды. Оған 79 депутат қолдап дауыс берсе, 21-і дауыс беруден бас тартты.
Тағы оқи отырыңыздар
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61