Bugin

"Единая Россия" Nur Otan-ды құттықтады

Қос партия ынтымақтастығын арттырмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұрсұлтан Назарбаев "Единая Россия" бүкілресейлік саяси партиясының төрағасы, Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті. Мұны Елбасы сайты хабарлады.

"Дмитрий Медведев Елбасыны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында Nur Otan партиясының айқын жеңіске жетуімен құттықтады. Сондай-ақ ол дауыс беру нәтижелері жалпыұлттық сенімді және партияның елді өркендетуге бағытталған стратегиялық бағдарын қолдайтынын көрсеткенін атап өтті", - делінген хабарламады.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевке жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан-Ресей стратегиялық және одақтастық қатынастарының рухы мен мазмұнына сай келетін Nur Otan мен "Единая Россия" партияларының арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде екеніне тоқталды.

Тағы оқи отырыңыз

Путиннің қас жауы: Навальныйдың ұсталуы жайлы шетелдік БАҚ не дейді?