Әлем жаңалықтары

Президентті ұлықтау рәсімі: Жапаров банкет пен кортежден бас тартты

Қырғызстан халқы дайындық шараларына наразы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанда жаңа сайланған президент Садыр Жапаров президентті ұлықтау рәсіміне қатысты пікір білдірді.

Бішкек қаласында жаңа президентті ұлықтау рәсіміне орай Шыңғыс Айтматов және Манас даңғылдарында қозғалыс тоқтағандықтан халық наразылығын білдірген. Бұл туралы Bugin.kz платформасы 24.kg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Халық наразылығына президент бүй деп жауап қатты:

“Қазан оқиғалары салдарынан туындаған саяси жағдайларды ескер отырып, ел экономикасына залал тигізетін шараларды өткізу – ақымақтық”, - деді Садыр Жапаров.

Президент қомақты қаржы талап ететін кортеж бен банкеттен бас тартты. Айтуынша,
президентті ұлықтауға заңмен талап етілетін міндетті рәсімдерді ғана ескеру және жүзеге асыру маңызды.

Айта кетейік, Садыр Жапаровты ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда Тоқтогул Сатылғанов атындағы ұлттық филармонияда өтеді.