Bugin
Арнайы портал таңертең қосылған еді
Бүгін сағат 9:00-ден бастап арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы 10 500-ден астам адам өтініш берді. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА хабарлады.
"Атап айтқанда, enpf-otbasy.kz арнайы сайты арқылы сағат 17:00-ге қарай 10 779 өтінім қабылданды", - деді "Отбасы банк" АҚ баспасөз қызметінің өкілі.
Белгілі болғандай, зейнетақының бір бөлігін аударуға арналған 67 мыңнан астам арнайы шот ашылды. Бұдан бұрын хабарланғандай, зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт іске қосылды. Осы арқылы ел аумағында өтінім қабылдау басталды.
Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында кеше зейнетақының бір бөлігін баспанаға жұмсау мәселесіне қатысты баспасөз мәслихаты өтті.