Bugin
Ортақ келісімге келген соң денсаулық сақтау министрі бұйрық шығарады
Зейнетақы қаражатын емделуге жұмсау талаптары қаңтардың соңында жарияланады. Бұл жайлы 24 телеарнасы хабарлайды.
Бұл туралы баспасөз мәслихатында "Отбасы банк" акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты. Оның сөзінше, қазір бұл мәселені мемлекеттік мекемелер талқылап жатыр.
Ортақ келісімге келген соң денсаулық сақтау министрі бұйрық шығарады.
Ләззат Ибрагимованың айтуынша, құжат кейіннен Әділет министрлігіне тіркеледі. Сондай-ақ ол шекті мөлшерден асқан қаражатты сирек кездесетін ауруларды емдеу үшін жұмсауға болатынын атап өтті.
"Емделуге жұмсау жөнінде айтар болсақ, біз тек бірыңғай оператор қызметін атқаруға келісім бердік. Сондықтан Үкімет қаулысында емделуге байланысты төлемнің бәрі "Отбасы банк" арқылы өтетіні нақты жазылған. Бұйрықта сирек кездесетін аурулар мен оларды емдеу жөнінде айтылған. Тісті емдетуге де мүмкіндік бар. Жалпы ересек адамдар өз денсаулықтарын айтарлықтай жақсарта алады", - дейді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Оқи отырыңыз
Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды