Bugin

Байден ашулы: АҚШ үкіметі Ресей билігін айыптады

Бұл – азаматтық қоғамды тұншықтырудың амалы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ үкіметі Ресей құқық қорғау органы қызметкерлерінің наразылыққа шыққан жұртқа көрсеткен әлімжеттігін сынады. Бұл жайлы АҚШ Мемлекеттік департаменті хабарлады.

Мемдепартамент наразылық акциясын қолдағанның барлығын және оппозионер Алексей Навальныйды түрмеден босатуын талап етті.

"Сонымен қатар, оппозиционерді улауға қатысты қылмыстық іске халықаралық тергеу жүргізуді, мемлекет аумағында неге тыйым салынған удың қолданылғанына жауап беруін талап етеміз", - делінген хабарламада.

АҚШ үкіметі Ресей құқық қорғау органдарының бейбіт шеруге шыққан жұртты және журналистерге көрсеткен әлімжеттігін қатаң сынайды.

"Бұл – азаматтық қоғамды тұншықтырудың амалы", - делінген хабарламада.

Ал Financial Times басылымының хабарлауынша, АҚШ билігінің бұлай Ресейге сес көрсетуі Байден әкімшілігі мен Кремльдің арасында қырғи-қабақ күшейетінін білдіреді.

"Овд-Инфо" тобының хабарлауынша, кеше, 23 қаңтар күні Ресейде өткен жаппай наразылық шарасында 3324 адам ұсталған. Оның көбі – Мәскеу мен Санкт-Петербургте.