Bugin

Навальный ісі: Ресейде мұндай ауқымды митинг бірінші рет боп тұр

Бүкіл ел көтерілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұрында Ресейдің ірі қалаларында ғана болатын наразылық акциялары бүгін бүкіл елді шарпыды. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Дождь телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей жұрты оппозиционер Алексей Навальныйды босатуды және РФ президенті Путинді биліктен кетуді талап етіп жаппай наразылыққа шығуда.

Мәскеу, Санкт-Петербург, Иркутс, Хабаровск, Томск, Красноярск, Новосібір, Барнаул, Владивосток, Екатеринбург, Кузбасс, тағы басқа қалалардың жұрты митингке шыққан. Якутск қаласының жұрты -50 градус суықта далаға шыққан екен. 

"ОВД-Инфо" есебіне қарағанда қазіргі есепке қарағанда әр қаладан 1000-3000 адам көшеге шыққан. Алайда Дождь телеарнасы көтерілген халық саны бұдан да көп болуы мүмкін, нақты есеп емес дегенді айтады.

Қазіргі деректерге қарағанда, елде 400-ге жуық адамды полиция ұстап әкеткен. Ресей әскері маңызды қалалардың алаңына автозактар тоғытып, Мәскеудің орталығына БТР техникасын әкеп қойған.

Оқи отырыңыз

Ресейде Навальныйды қолдаған халық көтеріліске шықты

Bloomberg: Навальный 13 жылға сотталуы мүмкін

Путиннің қас жауы: Навальныйдың ұсталуы жайлы шетелдік БАҚ не дейді?

Путиннің қас жауы оның қылмысын әшкерелейтін фильм шығарды

«Путин сарайы»: Ресей басшысының қылмысына қазақ жігітінің қатысы бар ма?