Bugin

Белоруссияда Навальныйды қолдаған топ сапқа тұрды

Навальныйды босатуды талап етіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белоруссияның астанасы – Минскіде және басқа бірнеше қалада ел азаматтары көшеге шығып, тізіліп сапқа тұрды. Наразылыққа шыққан топтардың талабы – саяси тұтқын Игорь Лосик пен ресей оппозионері Алексей Навальныйды түрмеден босату. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Настоящее время телеарнасына сілтеп хабарлайды.  

Телеарнаның хабарлауынша, наразылыққа шыққан 140 адам ұсталған. Минскіден 100 адам ұсталды.

Белоруссияда жаппай наразылық шаралары жазда басталған. 9 тамыз күні президенттік сайлауда Александр Лукашенко 80 пайыз дауыспен жеңіске жеткенде, наразы жұрт жаппай көтеріліп, сайлауға бойкот жариялауды және Лукашенконы биліктен кетуді талап етті.

Содан бері 5 айға жалғасқан наразылықта 33 мың адам ұсталған.

"Вестна" құқық қорғау орталығының хабарлауынша, 2020 жылғыдай репрессия Белоруссияда бұрын-соңды болмаған.

Навальныйды қолдаушылар: Мәскеудегі наразылыққа 40 мың адам жиналды

Навальный ісі: Ресейде мұндай ауқымды митинг бірінші рет боп тұр