Bugin

Миды жас қалпында сақтауға арналған қарапайым 3 кеңес

...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
  • Мидағы өзгерістер

     Қартаю ми белсенділігіне әсер етеді. Алайда мидың жұмысы сіздің жасыңызға емес күнделікті өмір салтыңызға байланысты. Уақыт өткен сайын мида токсиндер жиналады. Бұл қартаюдың бастапқы белгісі. Бірақ адамның кейбір іс-әрекеті қартаюды тездетеді. Мәселен стресс, ұйқының аздығы, ішімдікке құмарлық және т.б.

      Мидың үнемі дамып отыруы нейропластика деп аталады. Оның 3 механизмі бар:

  • синаптикалық байланыс;
  • миелинация;
  • нейрогенез;

Жақсы қартаю үшін жаңа нейрондардың пайда болуы маңызды. Бұл процеске нейрогенез жауап береді.

 

Миды жас қалпында сақтауға арналған 3 қарапайым кеңес:

1. Жүрек соғысыңызды арттырыңыз

    Аэробты жаттығулармен айналысыңыз. Мәселен жүгіру нейрогенезге әсер етеді. 2016 жылғы егеуқұйрықтарға жүргізілген зерттеулер бойынша, физикалық жаттығулар ми белсенділігін арттыратыны дәлелденді. Әсіресе қарқындылығы жоғары жаттығулар.

    Аптасына 2,5 сағат  кардио жаттығуларға арнаңыз. Саябаққа немесе табиғат аясына барыңыз. Егер жалғыз жаттығуды ұнатпасаңыз топтық спорт түрін таңдаңыз. Мәселен, үстел теннисі. Командалық жұмыс жасауды үйреніп, қырағылығыңызды арттырасыз.

2. Тамақтану әдетін өзгертіңіз

     Аз тамақтану мен аштықты сезіну миға оң әсер етеді. Сонымен қатар, ағзадағы ауру белгілерін азайтады. Мысалы диабет қауіпін төмендетеді. Тіпті бір күн тек суды қабылдау мидың жұмысын жақсартады.

Дәрігермен кеңесіп, келесі ережелердің бірін орындауға тырысыңыз:

  • Айына 1 рет 1 күндік ораза ұстау;
  • Аптасына 2 күн күндегіден 50-60% аз калория тұтыну;
  • Екі апта бойы күн сайын әдеттегіден 20% аз калория тұтыну;
  • Тамақтануға арналған кезеңді белгілеу. Мысалы, таңертеңгі сегізден кешкі сегізге дейін.

3. Ұйқыға ерекше назар аударыңыз

Ұйқы мидың "тазаруын" іске асырады. Ол жиналған токсиндерді жояды. Сонымен қатар, егер адам жеткілікті ұйықтамаса, оның есте сақтау қабілеті нашарлайды.

Егер демалыс күні жұмыс күнімен бірдей ұйықтасаңыз, бәрі қалыпты. Ал ұйқыңыз қанбай, ояну қиын болса, сіздің күн тәртібіңізді реттеу қажет. Қартайған сайын ұйқыны жаттығулармен алмастырған жөн. Ғаламтордағы йога сынды түрлі роликтерді қарап қалағаныңызбен айналыса аласыз.