Bugin

Семей қаласында жаңа әкім тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұрымбет Сақтағанов Семейдің жаңа әкімі болды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Нұрымбет Сақтағанов 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

  • 1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары;
  • 2001-2006 жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Кеден комитетінің бас инспекторы, төрағаның көмекшісі, бөлім бастығы;
  • 2006-2007 жылдары ҚР Парламентіндегі Үкімет өкілдігінің бас инспекторы, бөлім бастығы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі;
  • 2007 жылы қыркүйекте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
  • 2012 - 2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • 2015 - 2018 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары;
  • 2018 жылдың мамыр айынан Ұлан ауданының әкімі қызметін атқарды.