Bugin
Фильмді жақсылап монтаждаған
РФ Президенті Владимир Путин "зәулім сарайы" жайында түсірген оппозионер Алексей Навальныйдың фильмін көрмегін айтты. Өйткені уақыты жоқ, тек көмекшілері дайындап берген үзінділерді ғана көрген. Мұны ол студенттермен онлайн-кездесуде айтты.
РИА Новости хабалағандай, Путиннің Геленджик қаласы маңында зәулім сарайының бар-жоғы жайында сауалды Уфа мұнай мемлекеттік техника университетінің студенті қойған.
"Бұған бірден жауап бергім келеді. Фильмде көрсетілген дүние-мүліктің бірде-бірі менікі де, туыстарым мен жақындарымдікі де емес. Және болған да емес. Ешқашан", - деп қысқа қайырды Путин.
Оның айтуынша, фильмде көрсетілген адамдарды мүлдем танымайды.
"Егер дәл осындай зәулім сарай соғып жатқан болсам, қандай да бір құжат, қаржылық есеп, жер телімін рәсімдеу, нотариалды келісім сынды қағаздар болуы тиіс еді ғой. Оның бірде-бірі жоқ", - дейді РФ президенті.
Путиннің айтуынша, бұл фильм – Ресей азаматтарының санасын улау мақсатында түсірілген өнім.
"Бұл ақпараттың ел аузында жүргеніне он шақты жыл болды. "Олар" соны пайдаланып, монтажын жасап қарсы қолдануда", - дейді ол.
Айта кеткен жөн, Ресей оппозионері Алексей Навальный 19 қаңтар күні президент Путиннің жемқорлығын әшкерелеген "Зәулім сарай" атты фильм жариялады.
Ал 23 қаңтар күні Навальныйды қолдаған жұрт жаппай наразылыққа шығып, оны қамаудан босатуды, Путинді биліктен кетуді талап етті.