Қоғам
Фильмді қалай түсіру қажет?
Деректі фильмге деген қызығушылық күн сайын артып келеді. Ресейлік режиссер Аскольд Куровтан «фильмді қалай түсіру қажет?» деген сұраққа жауап берді.
Аскольд Куров «Чилля», «25 сентября», «Процесс: Российское государство против Олега Сенцова», «Ленинленд», «Добро пожаловать», «Новая» атты деректі фильмдерді түсірген. Павел Лопаревпен бірге «Дети 404» фильмін түсірді.
Ең алдымен өзіңізге қызықты сұрақтар тізімін жасаңыз. Сізді мазалайтын сауал, өміріңіздегі қиындықтар, достарыңыз бен отбасыңыз фильмнің негізі бола алады.
Идеяңызды анықтаңыз. Айналамызда болып жатқан оқиғалар – идеяның қайнар көзі. Әлемге идеяны көретіндей әсермен қараңыз. Байқампаз болыңыз. Сіздің ойыңызда қызықты кейіпкер пайда болса, ол фильм сюжетіне айналуы мүмкін.
Мен оқиға желісі болжауға келмейтін фильмдерді ұнатамын. Мұндай фильм көркем әдебиеттен де әсерлі. Кинодағы басты қару – оқиға. Алдымен өзіңіз жоспарлаған фильмді толық түсінуіңіз керек. Бұл ұзақ уақыт пен шыдамдылықты талап етеді. Олай болмаған жағдайда, сіз өз қиялыңызға қатысы жоқ сюжеттер түсіруіңіз мүмкін.
Егер өз кейіпкеріңіз бен оқиғаңызды басқара алсаңыз, сіз «арманыңыздағы сценарийді» жазып шықтыңыз. Келесі кезекте негізгі эпизодтарды анықтаңыз. Сол арқылы өз идеяңызды жеткізе аласыз. Оқиғаның басталуы, шарықтау шегі басты идеяңызға сай келу керек.
Кейіпкерсіз фильм түсірілмейтіні анық. Кейіпкер әр түрлі бола алады: автордың өзі, шығармашылық ұжым, қала, табиғат, дала. Кейіпкердің фильмге сай келетінін бірден аңғаруға болады. Алайда оның фильмнің негізгі идеясы, тарихымен танысуы аса маңызды.
Барлығы өз жауапкершілігіңізге байланысты. Үлкен командамен жұмыс істеу, басқару қиынырақ. Сондықтан дегеніңізді орындата алу керексіз. Егер үлкен команда құруға мүмкіндігіңіз болмаса, қарапайым бір камерамен түсірген дұрыс. Дыбыс пен түсірілім сапасына аса мән беру қажет.
Көркем фильмде оқиғаның, идеяның авторы – режиссер. Ол кейіпкерлерге оқиға мен негізгі мақсатын ұсынады.
Ал деректі фильмде оқиғаның негізі – кейіпкердің өзі. Ал режиссер болған оқиғадан қалай фильм түсіруге болатынын жоспарлайды
Фильмге қажетті қаржыны табудың бірнеше жолы бар. Мысалы, идеялар жәрмеңкесі, кинофестивальдар, дистрибьюторларға арналған жобалардың тұсаукесері. Түсірілімді жалғастыру үшін фестиваль басталғанға дейінгі уақытта сізде қаражат болу керек. Бұл жобаны дамыту үшін пайдалы. Сіз идеяны қалыптастырып, адамдарға түсіндіру үшін трейлер жасай аласыз. Тағы бір ерекшелік, сіз өзге режиссер жобаларымен таныса аласыз.
Кез келген фестивальден қалмаңыз. Көптеген фестивальдарға сіз тегін өтініш бере аласыз.
Курс:
Кітаптар
Фильмдер: