Bugin

Сарай Путиндікі екенін тағы бір мердігер растады

Жылу жүйесін тартқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Санкт-Петербург қаласындағы "Профима" фирмасы Геленджик маңында салынып жатқан алып резиденцияның РФ президенті Владимир Путиндікі екенін растады. Аталмыш зәулім сарайдың Путиндікі екенін осымен үшінші мердігер дәлелдеп отыр. Бұл жайлы Открытие медиа басылымы хабарлады.

Аталмыш фирма президент әкімшілігінің тапсырысымен Путиннің алып сарайына Cetetherm жылу жүйесін орнатқан екен. Сондай-ақ, "Валдай" резиденциясы, Сочидегі Қабылдау сарайы, Санкт-Петербургтегі Конституциялық соттың ғимараты, Конгресс сарайы сынды жоғары лауазымды нысандарға да жылу желісін тартқан.

"РФ Федералды күзет қызметі расымен де өзі бақылауға алған ғимараттарға Cetetherm жылу жүйесін орнатады. Мұны мемлекеттік сатып алу актілерінен байқадық", - деп жазады басылым.

Оппозионер Алексей Навальный түсірген фильміндегі Путин сарайының ресми атауы – Прасковеевка резиденциясы. Навальный зәулім сарайдың құны 100 млрд рубль (580 млрд теңге) деп бағалаған.

Ал Владимир Путиннің өзі сарайдың иесі емесін, мұны батыс арнайы қызметі жасаған арандатушылық деп сынады.

Бұған дейін "Аэрокомплекс" мәскеу компаниясы Прасковеевка резиденциясына ұшақ қону алаңын салғанын, "Оптима комплект строй" компаниясы сарайға каучук жабындысын қаптағанын айтқан.