COVID-19

COVID 19: қалыптасқан құндылықтарды қай бағытқа өзгертпек? (1-бөлім)

Жаһандық пандемия əлі толық аяқталмаса да, əрбіріміз кем дегенде «жаһандық пандемияның» қалай болатынын білдік, сезіндік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адамзат баласының ХХ ғасырда көрген жойқын соғыстары мен əлеуметтік дағдарыстардың əсері, «қауіптің негізгі көздері» туралы түсінікті қалыптастырды. Тарихи тұрғыда «қауіпсіздік» ұғымына біз тек кең, əрі ауқымды мағынада көңіл бөліп келдік. Əрбір мемлекет үшін негізгі қауіпке қарсы тұрар күш - мықты армия, тұрақты экономикалық өсім деп келді. Нəтижесінде, əлемде қару-жарақ, əскери- техника нарығы триллион доллардан асып, ядролық қару əлемдегі бейбітшілікті, күштер арасындағы балансты сақтауда ең негізгі құралға айналды.Сондықтан да, ұлттық, ғаламдық тұрақтылыққа негізгі қауіп көзі симметриялық сипатта түсіндірілді. Мысалы, 2020 жылы əскери қорғанысқа АҚШ $718 млрд (ІЖӨ 3,4%), РФ $65,1 млрд (ІЖӨ 3,9%) Қазақстан 373 миллиард тенге (ІЖӨ 4,4%) бөлді.

Алайда, осындай ауқымды көлемдегі бөлінген қаржы тұтас мемлекеттік қауіпсіздікті «өте кіші вирустан» қорғауға қауқарсыз болып шықты. 2019 жылы Қытайдың, Хубей провинциясындағы шағын қалашықтан таралған белгісіз, вирустың жаңа түрі (кейін “covid 19” деген атау алды) тез арада əлемнің барлық бөлігіне таралып тұтас əлемді сарсаңға салды. Нəтижесінде, əлем халқы ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі зардабы ең ауыр, экономикалық, əлеуметтік- гуманитарлық дағдарысты бастан кешуде. Бұл мақалада, “covid 19” вирусын емес, керісінше жаһандық пандемиядан кейінгі əлемді жəне адамзаттың жаһандық пандемияға қаншалықты тиімді жауап қатқанын талқылайтын боламыз.

Жаһандық пандемия əлі толық аяқталмаса да, əрбіріміз кем дегенде «жаһандық пандемияның» қалай болатынын білдік, сезіндік. Вирустың тез арада бүкіл əлемге таралып, үлкен қауіп алып келуі, əрбір мемлекеттің «өзінше» күресуіне, тіпті əлемдік қауымдастықтан оқшаулануына алып келді.Тіпті Times журналы, 2019ж наурыз айында əрбір мемлекет бірінен кейін бірі жаппай “локдаун” жариялауын “жаһанданудың соңы” деп атады.

Covid 19 жаһандық індеті толық жойылған күннің өзінде, алдағы уақытты басқа індет түрінің пайда болмауына ешбір кепіл жоқ. Сол себепті, covid 19 жаһандық пандемиясымен күрес кезеңінде əлемдік тəжірибедегі үйренілген əрбір сабақ болашақта кезігетін қандай да бір “тосын індетке” қарсы тұруда əдістемелік нұсқау болмақ. Қазірде, індеттің негізгі салдары қандай болатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Кейбір сарапшылар пікірінше, пост-пандемиялық кезең "жаңа құндылықтар тізбегімен" келетін жаңа өмір сүру жолын алып келеді десе, кейбір сарапшылар пандемиядан кейін əлем өз қалпына ешбір өзгеріссіз қайта оралып, ешбір өзгеріссіз жалғасады пайымдайды. Қалайда, экономикалық құлдырау мен əлеуметтік дағдарыс қайта қалпына келгенімен адамзаттың өмір сүру жүйесі "пандемияға дейінгі" кезеңгідей болмауы ақиқат.

Covid 19-дың адамзаттың өмір сүру тəртібі мен құндылықтары жүйесіне əсерін анықтауда тарихи тəжірибені ескеру өте маңызды. Себебі, covid 19 бактерологиялық вирустың жаңа түрі болғанымен, адамзат үшін «ғаламдық індет» ретінде алғаш кезігіп тұрған феномен емес. Адамзат тарихы аймақтық, ғаламдық дейгейде орын алған індетке толы болды. Мысалы, тіпті антикалық кезеңде жазылған Фукудидтің классикалық еңбегі "Пеломеннес соғысында", Афина мен Спарта арасындағы қақтығыста  "жаппай індеттің таралуы нəтижесінде мыңдаған спарталықтардың қайтыс болғандығын, əрі спаталықтар үшін індеттің соғыста жеңілуге негізгі себеп болғандығын" жазады. Бертін келе 1330 ж Орталық Азиядан таралған «бубон сілекейі» індеті де тұтас Еуропаны сауда жолдары арқылы тез таралып мыңдаған адамның өліміне алып келді. Кейбір деректер бойынша індеттің таралуына, «шығыстан батысқа жорыққа шыққан» моңғолдар кінəлі деп көрсетіледі. Алайда, індетті ешқашан толықтай жойылып кетті деп айта алмаймыз. Себебі, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының дерегінше, тіпті қазіргі күннің өзінде жыл сайын «бубон сілекейі» əлем бойынша жүздеген адамнан анықталуда. Тек қажетті вакциналар арқылы ғана, індеттің алдын алуға болады.

Нышанбаев Нұрболат Қайратұлы,

 

PhD студент

Халықаралық қатынастар бойынша сарапшы,

"Болашақ" түлегі, Аустралия