Әлем жаңалықтары
Халық бостандығы үшін! Әділеттілік үшін!
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлексей Навальныйдың аймақтық штабы желісінің жетекшісі Леонид Волков саясаткерді қолдайтын жаңа акциялар туралы хабарлады. Кезекті митинг 31 қаңтарда өтеді деп жоспарланды.
“31 қаңтар, 12:00. Ресейдің бүкіл қаласы. Навальныйдың бостандығы үшін. Халық бостандығы үшін. Әділеттілік үшін”, - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.
“Мәскеу! 31 қаңтар сағат 12:00-де Любянск және Ескі алаңға шығамыз. Біз Алексей Навальныйдың бостандығын талап етіп Мәскеу арқылы бейбіт жолмен өтеміз. Шерудің бағыты сол кездегі жағдайға байланысты болады”, - деп жазды ол тағы бір жазбасында.
Сонымен қатар 2 ақпан Навальныйдың соты өтетінін де еске салды.
Айтуынша, 23 қаңтардағы шеру Ресейдің 177-ге жуық қаласы мен шет аймақтарында өткен.
“Көп екенімізді әрі үрейге қарсы тұра алатынымызды 23 қаңтарда білдік. Жүз мыңдаған адам көшеге шықты, он миллионы тікелей эфирді тамашалады. Көз жеткізді. Енді не болмақ? Бұл тарихтағы ең ірі шерудің бірі ретінде қалды. Әр қаладан шыққан шеруші өз ойын еркін әрі батыл жеткізе алды. Соңына дейін баратынын дәлелдеді”, - деп жазған Волков Facebook-тегі парақшасында.
Айта кетейік, 23 қаңтарда Ресей жұрты оппозиционер Алексей Навальныйды босатуды және РФ президенті Путинді биліктен кетуді талап етіп жаппай наразылыққа шықты.
Мәскеу, Санкт-Петербург, Иркутс, Хабаровск, Томск, Красноярск, Новосібір, Барнаул, Владивосток, Екатеринбург, Кузбасс, тағы басқа қалалардың жұрты митингке шыққан. Якутск қаласының жұрты -50 градус суықта далаға шыққан екен.
"ОВД-Инфо" есебіне қарағанда қазіргі есепке қарағанда әр қаладан 1000-3000 адам көшеге шыққан. Алайда Дождь телеарнасы көтерілген халық саны бұдан да көп болуы мүмкін, нақты есеп емес дегенді айтады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61