COVID-19

Адамзат пандемиямен ұзақ жылдар бойы күреседі

Журналистермен кездескен маман аурумен күресу оңай болмайтынын баса айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Коронавирус пандемиясымен күресу үшін адамзаттың алдында ұзақ жол бар» деді ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан. 

«Қазіргі уақытта коронавирус бүкіл әлемді жаулаған және вирустың таралуын тез жою үшін өндірілген вакциналар жеткіліксіз. Осыған қарамастан, аурумен күресудің күш-жігері өз нәтижесін беруде. Бұл өлім мен жаңа инфекциялардың санын азайтады», - деп толықтырды сарапшы.

Сонымен қатар, Райан адамзат тарихында эпидемия ұзақ жылдарға созылған жағдайлар болғанын атап өтті. Мұндай жағдайда жаңа ұрпақ шабуылға ұшырауы мүмкін, өйткені ересектерде ауруға иммунитет біртіндеп дамиды.

Айтпақшы, көптеген елдер аурудың өршуіне, сондай-ақ коронавирустың мутациясына тап болды. 2021 жылдың наурызына дейін әлемде коронавирустың салдарынан қайтыс болғандардың саны 5 миллионға жетуі мүмкін екенін хабарлады қытайлық ғалымдар.

«2021 жылы пандемияның әлемдік салдары 2020 жылға қарағанда нашар болуы мүмкін» деп жазады South China Morning Post. Қазіргі уақытта 2 миллион адамдардың өлімі тіркелген еді. Зерттеушілердің пікірінше, өлім саны 5 миллионға дейін жетуі мүмкін.

Бір сарапшы атап өткендей, Қытай пандемияны көбірек бақылауға алғанына қарамастан, көптеген елдер аурудың өршуіне, сондай-ақ коронавирус мутациясына ұшырады. Әлемде коронавирустық инфекцияның 92 миллионнан астам жағдайы тіркелген, бірақ 2021 жылдың  наурыз айының басында олардың саны 170 миллионға жетуі мүмкін дейді қытайлық ғалымдар.

Оның үстіне, олар ең көп АҚШ зардап шегеді деп санайды. Нашар сценарийде АҚШ-да 32 миллион инфекция, ал Үндістанда – 15,5 миллион, Бразилияда – 15 миллион және Ресейде – 6 миллион адамдарда коронавирустық инфекция анықталады.

Керімсал Жұбатқанов,

Қазақ - Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты