МӘДЕНИЕТ
Қарағанды облысы аумағында Жарық деген елді мекен бар. Өзі облыс орталығынан 1 сағаттық жерде орналасқан. Кеңес үкіметі кезеңінен бері батыс пен шығысты, оңтүстік пен солтүстікті байланыстыратын Орталық Қазақстандағы ірі тоғыз жолдың торабы
Жарықта жақын туыстарым тұрған соң жиі барам, ол жерді көрдім, бала күнімнен білемін. Кейде ойлайтынмын: «осы жер неге «Жарық» деп аталды екен?!» деп. Тіпті қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздары дейтіндей шыққан атақты адамдары жоқ, бір жылдары тіпті тура мағынасында жарық (свет) болмаған ауыл, сонда неге Жарық болды екен? Сөйтсем оның тарихы былай екен:
Қазақтың зиялылары қырылған қуғын-сүргін жылдарында сәбеттік нквд-щниктер бір топ «халық жауларын» бір пойыздың составына түгел толтырып, вагонның іші-сыртын тас қараңғы болсын деп қаптап, бір жерден екінші жерге әкеле жатқан ғой. Солардың ішінде ұлт мақтанышы, сұңқар ақын Сәкен Сейфуллин бар екен. Елестетіңізші: тас қараңғы, тар ауа, аш құрсақ, адам лық толы вагон. Қорқынышты иә?! «Қой, бұлай болмас, өлтіріп алармыз» деп нквд-щниктер бір станция көрінгенде пойызды тоқтатып, вагондардың есігін ашып, тұтқындарға дем алуға мұрша берген ғой. Сонда қапастан күнге шыққан жарықтық Сәкен Сейфуллин қолын көкке жайып: «Я, Құдай, жарықты да көретін күн бар екен-ау?!» депті. Содан бастап жұрт сол елді мекенді ЖАРЫҚ атап кеткен деседі. Міне, солай.⠀
Негізі Жарық – бұрынғы атауы, қазіргі ресми атауы – Сәкен Сейфуллин кенті. Бірақ біз бәрібір Жарық дейміз. Аузымыз да, құлағымыз да осы атауға үйренген (Нұр-Сұлтанды Астана дей беретініміз сияқты ғой)