Bugin

Қазақстандықтар үшін вакцина бағасы қанша?

Халықты вакцинациялау үшін мемлекеттен 50 млрд теңге бөлінген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов “Спутник V” вакцинасының бағасын атады деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.

Вице-министрдің айтуынша, вакциянациялау ҚР азаматтары үшін тегін болмақ. Ол үшін мемлекет 50 млрд теңге бөлген.

«Біздің баға мен Ресей өнімінің бағасы бірдей. Нақты осма мөлшері келісімшарттағы қолтаңбалар аяқталғаннан кейін жаряиланады. Қазіргі таңда бюджетте 10 миллион адамды қазақстандық және Sputnik V вакциналарымен қамтамасыз етуге қаражат жеткілікті», - деді Марат Шоранов.

Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап халықты вакцинациялау процесі басталады.

Вакцинация екі кезеңде жүргізіледі. Алдымен препаратты 0,5 мл дозада енгізеді. 21 күннен кейін осындай дозада II компонент енгізіледі. Вакцинациядан бұрын әркім дәрігердің міндетті тексеруінен өтіп, вакцинациядан кейінгі мүмкін болатын асқынулармен танысуы керек. Вакцинациядан кейін медицина қызметкерлері 30 минут ішінде науқасты бақылайды.

Вакцина науқастарға, жүкті әйелдерге, аллергиясы бар жандарға және кәмелетке толмағандарға егілмейді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61