Саясат

Қырғызстанның жаңа президентінің Қытаймен байланысы анықталды

Қырғызстанның пайдалы кен орындарын қытай инвесторларына тарап беруі мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай билігінің Орталық Азия елдерінің басшылары мен элитасын сатып алуды әдетке айналдырғаны белгілі. Қырғызстанның жаңа президенті Садыр Жапаровтың да қытаймен бизнестік байланысы бары анықталды. Бұл жайлы Knews.kg сайты хабарлады.

Басылымның жазуынша, Жапаровтың аталары  1930 жылы Қытайға қашып кетіп, әкесі Нұрқожа Мусталый-уулу сонда дүниеге келген. Кейін 1962 жылы Қырғызстанға оралып, Садыр дүниеге келеді.

Жапаровтың қырғыз билігіне келуін қаржыландырып отырған қытай бизнесмендері екенін алғаш рет саясаткер, президенттіккке үміткер Қанат Исаев айтқан. Оның айтуынша, 2020 жылы қазанда Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс болып, қытай кәсіпкерлері осы сәтті пайдаланып Садыр Жапаровты қолдап шығады, қаржыландырады.

"Жапаров қытай инвесторларымен тығыз байланыста. 2007 жылы Жапаров қырғыз парламентінде депутат болған кезде, ағасы Сабыр Жапаров мемлекеттік тендерді ұтып алып, құны $320 мың болатын "Жырғалаң" шахтасының акциясын сатып алады. Кейін оны қытай инвесторларына беріп жіберді", - дейді Исаев.

Сондай-ақ Жапаров Орталық Азиядағы ірі алтын кен орны Кумторды мемлекетке қайтарудың орнына, канаданың Centerra Gold компаниясынан қытай инвесторларына акциясын бөліп беруге көмектесуді ойлап отыр. Ал елдің Қытай алдындағы қарызын жабу үшін Жетім-Тоо темір кен орнын Қытайға бермек көрінеді.

Ал Қырғызстан Қытайға $2,2 млрд қарыз.

"Сондай-ақ Садыр Жапаров пен депутат Адыл Жүнісұлының бірігіп ашқан бизнесі бар. Адыл Жүнісұлы жақын досы екенін Жапаровтың өзі де мойындаған. Ал депутат Жүнісұлы Қытайда туып, сонда өскен. 2001 жылы қырғыз азаматтығын алған. Қытайда қалған туыстары қытай мемлекеттік мекемелерінде жұмыс істейді әрі губернатормен байланыстары бар", - дейді Исаев.

Адыл Жүнісұлы Шыңжаң мемлекеттік университетінің география факультетін тәмамдап, Қытай ұлттық кен орнындарын зерттеу академиясында жұмыс істеген. Ал әйелі Тұран Тұрсынқызы Шыңжаң автономиялық ауданының аймақтық заң шығару органында қызмет еткен.

Ал депутат Адыл Жүнісұлы – Air Kyrgyzstan әуе компаниясын қытай инвестостарларына беру керек деп ұсыныс жасап, елдің есінде қалған адам.

Жапаровтың қытаймен байланысы барын тағы бір азамат – президенттікке үміткер болған, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Абдиль Сегізбаев.

Оның айтуынша, Жапаровтың кандидаттығын қаржыландырған – кытай компаниялары. Мәселен, сайлау алды бюджетіне келіп түскен $560 мыңды Жапаровтың өзі халықтың жинаған ақшасы, "зейнеткерлердің қалтасынан жырып берген қаржысы" дегенімен, бұл қаржыны "Хуа-Эр" компаниясынан алған. Ал бұл компанияның басшысы Хуан Цзяньхун – қытай елінің азаматы.

"Жапаровтың жақтастары митинг ұйымдастыруға келген кезде де, олардың әкелген "Шыдыр жол кей джи" компаниясына тиесілі. Оның басшысы Тохутибуби Оуерхалика – Қытайда туып, 2008 жылы Қырғызстанға келген азамат", - дейді Сегізбаев.

Мұндай айыптарға Жапаровтың өзі "қарсыластарым мені көре алмайды, сондықтан осындай айып тағып жатыр" деп жылы жапқан.

Ал Взгляд ресей басылымы "Егер Жапаровтың қытай кәсіпкерлерімен байланысы шын болса, онда елдің пайдалы кен орындарын қытай инвесторларына таратып беруі мүмкін" дегенді айтады.