Білім және ғылым
Болашақтағы қоғамға қазіргі қоғамның тигізер ықпалы өте зор. Абай атамыз өз кезегінде қазақ қоғамын өзгерту үшін өлең жолдарын арнаған. Ол халқын татулыққа, бірлікке шақырған.
Өткен – біздің бүгініміз бен ертеңіміз. Қазіргі әрбір сәт – тарих. Тарихты көркем ету өз қолымызда. Қазіргі қоғам өмірі ертеңгі болашақтың тағдыры десек те болады. Қоғамда орын алған әрбір ізгілік те, келеңсіздік те болашаққа үлгі болып қалмақ. Ендеше келешектегі қоғамның дұрыс қалыптасуына неге шара қолданбасқа?
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы атамыз келешек ұрпақтың өміріне, болашақ қоғамға алаңдаған. Өзінің өлең жолдарында еріншек, өркөкірек, надан адамдардан жасқанатынын жиі айтады. Бұндай пасық адамдардан тәрбие, үлгі алып өскен ұрпақ – қоғамның нағыз жауы. Ол "еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей" деп қазақ халқын еңбексүйгіштікке шақырған. Еңбек етіп, тер төккен адам ешқашан далада қалмасы бәрімізге белгілі. Сондықтан, келешек ұрпақтың бойына осы бір асыл қасиетті дарыта бергеніміз жөн.
Қорытып айтар болсақ, болашақ қоғамның мінсіз болып болып қалыптасуында қазіргі қоғамның тигізер ықпалы өте зор. Тарихтан татулық пен бірлікті көріп, өнеге алған болсақ, келешек ұрпаққа да дәл солай үлгі болуымыз керек. Абай атамыз "біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос" деп айтып кеткендей, қазақ халқы әрдайым ынтымақтастықта, бірлікте болуға тиіс. Сонда ғана келешек қоғам жарқын болмақ. Бірге болайық, бір болайық!