Әлем жаңалықтары

БАӘ азаматтығын алуға мүмкіндігіңіз бар. Талаптары қандай?

БАӘ билігі шетелдіктердің кейбіріне ел азаматтығын беруге рұқсат етті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Араб әмірліктері азаматтығын инвесторлар, ғалымдар, дәрігерлер және өнерге қатысы бар мамандық иелері мен олардың отбасы мүшелері ала алады. Әр категорияға қатаң талап та қойылған. Бұл туралы WAM хабарлады деп жазады Bugin.kz платформасы.

Азаматтық алуға үміткерлердің арызын билік пен биліктің жергілікті атқарушы басқармасы қарайды.

“Біз БАӘ азаматтығын алғысы келетін жандар үшін заңға өзгеріс енгіздік. Жаңа қаулыға сәйкес, елдің дамуына үлес қосатын талантты азаматтарды қабылдаймыз”, - деп жазды БАӘ премьер-министрі Мохаммед ибн Рашид Әл Мактум шейхе Twitter-дегі парақшасында.

WAM басылымы азаматтық алу үшін азаматтың орындауы тиіс талаптарды атады:

Инвесторлардың Біріккен Араб Әмірліктерінде жылжымайтын мүлкі болуы тиіс немесе елдің Экономика министрлігі мақұлдайтын бір не бірнеше патент алуға міндетті;

Дәрігерлер, инженерлер БАӘ қажет ететін ғылыми салада жұмыс істеуі тиіс, әрі 10 жылдан аса жұмыс тәжірибесі болуға міндеттелген;

Ал ғалымдар орталықтағы ғылыми, зерттеу ғимараттарында немесе жеке секторда жұмыс істейді. Жұмыс тәжірибесі кемінде 10 жыл болуы тиіс.

Өнер саласының мамандары да мәдениет аясының «пионерлері» болуы тиіс. Халықаралық байқаулардың жеңімпазы болуы да міндетті.