Bugin

Істемейтін эскалатор бойжеткенді жансақтау бөліміне түсірді

Оқиға «Артур» сауда орталығында болған. Науқас №1 Павлодар қалалық ауруханасына жатқызылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодарлық тұрғын эскалатордан құлап, жансақтау бөлімінен бірақ шықты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы zakon.kz-ке сілтеп хабарлайды.

«Науқас ауыр халде жеткізілді. Бойжеткенге бассүйектің жабық жарақаты мен ми шайқалуы, іш жарақаты мен кеуде қуысының соғылу диагнозы қойылған. Қазіргі таңда жағдайы ауыр әрі бірқалыпты. Дәрігерлер бақылауында» делінген Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның хабарлауынша.

Сауда орталығының қызметкерлерінің айтуынша, оқиға болған күні эскалатор жұмыс істемеген.

Павлодар облысының Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға жайлы шағым түспеген.