Hi-Tech
Жапондық Nissan автоөндіру компаниясы дөңгелекті офис жасап шығарды
NV350 деп аталатын жоба Токио автосалонында таныстырылды. Көлік жұмыс істеуге өте ыңғайлы, әсіресе қашықтан жұмыс істейтіндер үшін таптырмас мүмкіндік. Ішінде жұмыс орны мен кофе қайнататын автомат та бар. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Business Insider сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жұмыс істеуге ыңғайлы ұстел, орындық, монитор, пернетақта және тышқан бар. Таза ауада жұмыс істегісі келсе, жұмыс үстелін сыртқа жылжытуына болады.
Қажет кезде екі жақтағы модульдер ерекшеленіп, жарқырай түседі. Едені үшін түссіз поликарбонат таңдалған. Сонымен қатар электрлі жалюзиі бар. Ал бөлмені залалсыздандыру үшін ультракүлгін сәулелері де орнталыған.
Жұмыстан шаршағанда көліктің шатырына шығып демалып алса болады. Онда шезлонг, стол және жағажайға арналғаен қолшатыр бар.