Bugin
Қиын кезеңдер мықты адамдарды туғызады, мықты адамдар тыныштық алып келеді. Тыныш кезеңдер әлсіз адамдарды туғызады, әлсіз адамдар қиын кезеңдер алып келеді
Тәуелсіздік алғалы еліміз еркін, ешкімге бағынышты емес деп өзімізді бірігей тұтас ұлт етіп қалыптастыра алдық. Әрине, тәуелсіздікке жету үшін сан қилы сынақтар мен ұмытылмас дәуірлерді өткердік. Міне тыныш кезеңде басталды дей бергенімізде бұл қуанышымыз ұзаққа бармайтын секілді. Жалпы осыдан бірнеше ғасыр бұрын хандық құрылғаннан бері қарай мықты деген хандарымыз, одан бертін келе көтеріліс жасаушы батырлар, Алаш орда үкіметі, ХХ ғасырдың 50-60 жылдары Қонаев атамыз секілді мықты адамдар, Колбинді құлатам деген Қайраттар тыныштықты аңсады, тәуелсіздікті күтті, сол үшін күресті. «Қиын кезеңдер мықты адамдарды туғызады, мықты адамдар тыныштық алып келеді» деген міне осы. Ал бұл тіркестің екінші бөлігі кімдер жайлы? Қазіргі қоғамда тыныштықтан айырған кімдер? Кім әлсіз? «Тыныш кезеңдер әлсіз адамдарды туғызады, әлсіз адамдар қиын кезеңдер алып келеді». Бұл сөздің астында үлкен мағына бар. ХХІ ғасыр адамзат үшін жаңа даму, жаңа прогресспен басталды. Ақпараттың лезде таратылуы, ғаламторлық байланыс, әлеуметтік желілер тағы осы секілді бұрын болмаған жаңалықтар қоғамды қатты өзгертті. Ал олар дұрыс бағытта ма? Әлде бұрыс бағытқа жетелей ме бізге беймәлім. Кешегі Ресей Федерациясындағы ереуілдер, оның алдыңғы аптасындағы баскөтерушіліктер, осы жаздағы Қырғызстан Республикасындағы революция, Беларусиядағы Лукашенкоға қарсы көтерілістер барлығы тектен тек болмағаны анық. Тыныш күннің берекетін алған сонда халық па? Әрине жоқ. Халық үкіметтен ашынғаннан, амалсыздықтан алаңға шығады. Ал біріге алған халықты әлсіз деуге келмейді. Жан-жағымыздағы ТМД елдерінің жағдайы, яғни бұрынғы кеңестік мемлектеттер, кеңестің даму жүйесінде қалып қойғаны сөзсіз, оның ішіне Қазақстан да кіреді. «50 жылда ел жаңа» деген мақалды ескерсек, тәуелсіздік алғалы 30 жыл болса да әлі жаңара қоймадық. "Бұл кімнің кінәсі? Себепкер кім?" деген секілді сауалдар тағы да қойылады. Бір адамды кіналау әрине орынсыз. Және үкіметті жамандау да орынсыз. Бейтарап көзқараспен әлемге қарар болсақ, тыныштықты бұзып отырған халықтың өзі де, үкімет те. Қазіргі халық қоғамның ластануы, бірліктің кетуі, бір-бірін бөлектеуі бұл айналадағы халық әлсіздігі. Шымкент пен Ақтөбе болып, Тараз бен Атырау болып бөлектеніп жүргеніміз де әлсіз тұсымыз. Сонымен қатар жаңа қадам басқан ұрпақтың ұсақталуы да халық әлсіздігі. Арзан күлкі мен арзан дүниелерге қызығушылық, ата-ана тәрбиесін тыңдамаушылық, бойымызда қалған жабайылық, дұрыс сөйлей алмаумыз, бар нәрсені үкіметке жаба салуымыз, мәдениетсіздігіміз, қоғамда подефилдің көбеюі, қыздардың арын сатуы, жігіттердің қызтеке болуы барлығы халықтың бойында бар және арылу керек дүниелер. Міне бұл халық әлсіздігі. Үкімет әлсіздігі ол әрине, барлығы көріп, естіп жүрген жаңалықтар. Тонналап сатылған байлық, миллиардтап желінген ақша, халық наразылығын туғызатын заңдар тағы сол секілді ақпараттар. Жалпы, міне, тыныш күннің берекетін алып отырған осы жағдайлар. Кім әлсіз деген сауалға осылай жауап беруге болады. Алдымызға келген тыныш кезеңнің қадірін біліп, халық та, үкімет те жақсы бағытқа өзгерсе деймін.