МӘДЕНИЕТ

Ұл балаға қойылатын ерекше есімдер

Қазақ халқы ұл балаға ат қоярда әрдайым оның мәніне мән берген. Ұл балаларға қойылатын ерекше есімдерді назарларыңызға ұсынамыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адам баласына жалпы ат қою үлкен жауапкершілікті іс екені сөзсіз. 

Bugin.kz платформасы ұл балаларға қойылатын ерекше есімдерді назарларыңызға ұсынады.

Әлихан – араб тілінен енген ғали мен ханның қосындысы. Ғали "әлидің" синонимі, биік, аса, зор, заңғар деген мағына береді.  

Айсұлтан –  "ай" мен "сұлтан" сөздерінен жасалған есім, сәби айдай болсын, өз ортасында сұлтандай қадірлі болсын деген ниетпен қойылады. Сұлтан араб тілінен – "билеуші, әкім". 

Нұрислам – "нұр" мен "ислам" сөздерінен құралған. Араб тілінде нұр – жарық, сәуле, ал "ислам" дініміз болғандықтан, Алланың нұры жаусын деген ниетпен қойған. 

Әли – араб тілінен ғали – биік, аса, зор, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер – Әлиасқар, Әлиакпар, Әлиахмет. Синонимдері: Ғали, Қали, Әлі, Алы.

Рамазан – араб тілінен рамадан – күйдіруші, жандырушы. Араб елдерінде бұл өте ыстық ай. Мұсылман жыл санауының тоғызыншы айы, осы айда туған балаға осындай есімдер қойылған.

Санжар — көне түркі тіліндегі Саншора есімінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі. Көне түркі, қазақ тілінде сан – "он мың", "шора – ер, батыр" деген мағыналарды білдіретінін ескерсек, "бір өзі он мың қолға тең ер, батыр" мәнінде қойылған есім екенін байқаймыз. Ғасырлар бойы айтыла келе, Саншора-Саншор-Саншар-Санжар болып өзгерген. Тағы бір мағынасы – бұзып өтуші. 

Арыстан — қазақ тілінен алынған есім батылдық пен батырлық бейнесі ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Арыстанбек, Арыстанғали, Арыстанбай.

Асылжан — асыл және жан сөздерінен – мәртебелі, иігі жанды қыз болсын деген мағынасын білдіреді.

Байсерке — бай + серке, түрі — Серкебай.

Байтақ — ұшы-қиыры жоқ кең, шексіз; шамадан тыс көп, өте мол.