Экономика
Әлемдегі ең үздік инвесторлардың ұстанымы, кредосы және құпияларымен бөліспекпіз
Inventure.com.ua өткен мен бүгіннің үздік инвесторларының тізімін жасапты. Олар кімдер?
Карл Икан
78-де
Icahn Enterprises негізін қалаған
Кредосы: “Қаттырақ шағымдан”
“Уолл-стриттегі” Гордон Гекконың “Дос керек болса, ит асыра” деген сөз айтуына себеп болды.
Ұстанымы: 80 жылдары “жаулап алу” арқылы табысқа кенелген инвестор. Мәселен нашар жұмыс істейтін компанияларды бақылауға алып, олардан ақша жасап жүрді. Кейін белсенді инвестор ретінде танылды. Алайда мінез қалса да, әдет қалмайды. Оның стилі – ашық акционерлік қоғамның миноритарлық үлесін иемдену, кеңестен орын талап ету және акционерлердің мүдделерін агрессивті түре алға тарту.
Сэр Джон Темплтон
1912-2008
Templeton Funds негізін қалаушы
Кредосы: “Пессимизм мәресіне жеткенде сатып алыңыз, оптимизм жеңгенде сатыңыз”.
Ақша жайлы цитата: “Егер сіз құнды қағазды өзгелермен бірдей сатып алсаңыз, өзгелермен бірдей нәтижеге қол жеткізесіз”.
Ұстанымы: Темплтонның инвестиция жасаудағы стилі – жалпы тенденцияға қайшы әрекет ету. “Бәрі сатып жатқанда сен сатып ал”. Бұл – оның ең алғашқы ұстанымы еді. Екінші дүниежүзілік соғыстың басында Темплтон Нью-Йорк қор биржасында тіркелген әр компанияның акцияларын бір долларға жетер-жетпес ақшаға сатып алды, әрқайсынынан пайда тауып отырды. Ол алғашқы болып АҚШ-тан тыс нарыққа шыққандардың бірі болды. Халықаралық инвестиция оның стиліне айналды. 1954 жылы флагмандық қорға 10 мың доллар салынды. Темплтон зейнетке шыққан 1992 жылда 2 млн долларға өсті.
Уоррен Баффет
83 жаста
Berkshire Hathaway холдингінің төрағасы және бас директоры
Кредосы: «Инвестицияны тек түсінетін дүниеңізге және тиімді бағада салыңыз»
Бүркеншік есімі: Омаханың оракулы
Бетселлер: Berkshire’s annual letter to shareholders (Berkshire-нің акционерлерге жыл сайынғы хаты)
Ақша жайлы цитата: “Шұлық болсын, акция болсын, сапалы дүниені төмен бағада сатып аламын”
Ұстанымы: Баффеттің тәлімгері Бен Грэм “адам акцияны емес, бизнесті сатып алады” деп үйреткен. Кейде “Нарық мырза” тауарын құнынан арзан бағаға сатқысы келеді, сол кезде сіз сатып алыңыз. Баффет 50 жылдардан бері осы ұстаныммен өмір сүрді және бұл нәтижесін де берді. Оның байлығы 65 млрд долларды құрайды. Ең табысты инветициялары: American Express, Disney, Washington Post, Capital Cities/ABC, Coca-Cola және Geico.
Натан Майер Ротшильд
1777-1836
N.M. Rothschild & Sons негізін қалаушы
Кредосы: “Ақпарат дегеніміз ақша”
Орындалған болжамы: Өзінің тасымалдаушы көгершіндерінің арқасында Ротшильд Англияның Францияны жеңетінін білген. Сол кезде басқалары Англияның жеңілісіне бәс тігіп жатқанда, ол керісінше жасады.
Ұстанымы: Ротшильдьің әкесі XIX ғасырдағы ең ірі банк империясының негізін қалады. 5 ұлының әрқайсысын Еуропаның әртүрлі қаласына орналастырды. Натанға Лондон бұйырды. Әрі Франкфурт, Париж, Неаполь және Венадағы ағаларынан алып отырған құнды ақпараттар арқылы жетістікке жақындай түсті. Ротшильд айтады: Әртүрлі топтарды, адамдарды “түп тамырына дейін” қолданыңыз. Blackstone Group, Apollo Global Management, Kohlberg Kravis Roberts және Carlyle Group сынды кірісі жоғары жеке қорларға инвестиция салуды қарастырыңыз.
Сэм Зелл
Жасы 72-де
Equity Group Investments төрағасы
Кредосы: «Жолы болмайтындар да пайда таба алады»
Цитата: «Баланстары нашар компанияларды іздеңіз және тәуекелге барыңыз»
Ұстанымы: Зелл арзан бағаға сатып алуға болатын «қара тізімдегі» компанияларды іздеп жүреді. Ал қарызға батудан қорықпайды. Оның көзқарасы Баффет әдісіне қарама-қайшы: менеджменті және балансы әлсіз компанияларды табу, пайдаға кенеліп, жағдай жасау. 60 жылдардың соңында жылжымайтын мүлік инвестициялар қорының негізін қалаушы болды. Уолл Стриттің өтімділігін жылжымайтын мүлік нарығына берді. Өміріндегі ең үлкен қателігі – 2007 жылы Tribune Co. Газетін сатып алуы еді. Ол түбі банкротқа ұшыраған.