Саясат

Навальныйды қолдағандар ұсталып жатыр

Навальныйды қолдаған 1200-ден астам ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәскеу орталығында түнде Навальныйға қатысты шешімге қарсы халық пен полиция қызметкерлері арасында қақтығыс орын алды. Мыңға жуық адам ұсталды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Азаттықтың Орыс қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дәл осының алдында Мәскеудің Симоновский соты оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды түрмеге қамау туралы үкім шығарған. Оған 2014 жылы берілген шартты жаза 3,5 жыл түрме жазасымен алмастырылды.

Петербургте 221 адам ұсталған. Ижевск, Омбы, Челябинск, Уфа, Киров, Чебоксар, Мытищи, Краснодар қалаларында да адамдарды үсталған. Овд-Инфо  мәліметі бойынша, Мәскеу уақытымен түнгі сағат 2 шамасында Ресейде ұсталғандар саны 1200-ден асқан.

Мәскеудегі Манеж алаңына сейсенбі күні кешке Росгвардия мен полиция жасақтары, арнайы техника әкелінді. Пушкин алаңы тұтас темір шарбақтармен қоршалды. Жан-жағында полиция тұрды. Қала орталығындағы бірнеше метро станциясы жабылды. Аумақта мобильді интернет өшірілді.

Навальныйға үкім шыққаннан кейін оппозициялық саясаткердің штабы жақтастарын үкімге қарсылық білдіру үшін Манеж алаңына шығуға шақырды. Наразылыққа бірнеше мың адамның шыққаны хабарланды. Қала орталығында көліктер сигнал беріп жүрген.