Әлем жаңалықтары

Вакцинаң болса қалтаңда, шетел аралап талтаңда!

Вакцина салдырғандар үшін шетел елдері есігін ашып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған туристерді үш мемлекет еліне кіргізуге дайын. Тағы бірнеше ел де бұл мәселені талқылап жатыр. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

ATOP басылымының хабарлауынша, егер саяхатшылардың ПТР-сынағы теріс және олардың COVID-19 вакцинациясының екі кезеңінен өткенін растайтын куәлігі болса, Сейшел аралдары мен Исландия туристтерді қабылдауға дайын. Алайда шешімді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мақұлдауы қажет.

Туристер Румынияға тіпті қауіптілігі жоғары елдерден де бара алады. Одан бөлек медициналық мекеме берген құжаты болса, 14 күндік карантин енгізілмейді.

Сонымен қатар, 1 наурыздан бастап Кипр кез-келген санаттағы елдерден  туристтерді қабылдауға ниетті.

Израиль, Греция, Испания, Эстония, Дания және Польша COVID-19 вакцинасын алғандар үшін шектеусіз немесе жартылай шектеулі кіру шарттарын талқылап жатыр.