Bugin

Назарбаевтың Түркиядан тағы бір зәулім сарайы табылды – Видео

Қазақстан жерінен айырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Азаттық Радиосы экс-президент Н.Назарбаевтың Жерорта теңізі маңындағы тағы бір алып резиденциясын тапты. Зәулім сарай Бельдеби қалашығының маңында.

Түркия БАҚ-тарының жазуынша, жағалаудағы жерді Назарбаев 1993 жылы алған. Құжатта "сауықтыру кешенін салу" үшін берілді дегенімен, шын мәнінде 2 гектар жер телімінің үстінде жеке зәулім сарай тұр.

Сарайдың құрылысы 2000 жылдардың басында басталып, небары екі айдың ішінде бой көтерген. Назарбаев құрылыс бітісімен-ақ, жаңа үйіне келіп демалыс жасаған. Алып резиденция жан-жақты күзетіледі.

Назарбаевтың бұл сарайы RixosBeldebi қонақ үйіне жақын маңда. Айта кеткен жөн, бұл қонақ үй де Назарбаевтікі. Мұны kz.media жазған еді.

Қонақ үйдің иесі – Қазақстан үкіметі деп көрсетілгенімен, 70% акциясы Елбасы басқаратын Қазақстан тұңғыш президенті қорына, қалған 30% акциясы Қазақстан президентінің іс басқармасына тиесілі.   

Қонақ үйді салуға 1,7 млрд теңге (11 млн доллар) кеткен. Аумағы – 5 гектар. Қазақстан бұл қонақ үйге салған инвестициясын сол беті ақтай алмады. Оның үстіне, Түркия үкіметіне де салық төлемей, борышкер атанған. Қарыздың жалпы көлемі – 5 млн доллар. Қазақстан үкіметі бұл салықты төлемей, орнына Ақтау жағалауынан 7 мың шаршы метр, Алматыдан 2 мың шаршы метр жер беріп құтылған.

Яғни, жеке адамның мүлкі үшін Қазақстан өзінің мемлекеттік жерінен айырылды.

Оқи отырыңыз

Назарбаев әулетінің байлығы қанша?