Bugin
ЕуроОдақ Ресейге шүйлікті
Германия үкіметі оппозиционер Алексей Навальныйды соттағаны үшін Ресейге санкция салмақ. Бұл жайлы Reuters агенттігі хабарлады.
Германияның министрлер кабинетінің өкілі Штеффен Зайберттің айтуынша, ЕуроОдақ елдері Навальныйды "Новичок" уымен өлтірмек болғаны үшін онсыз да Кремльге санкция жариялаған. Енді Навальныйды соттағаны үшін ЕуроОдақ әріптестерімен ақылдасып, санкцияны одан әрі күшейтпек.
Еске сала кетейік, кеше Германия канцлері Ангела Меркель Мәскеу сотының шешімін адам құқығын өрескел таптады деп бағалаған еді. Сондай-ақ бейбіт шеруге шыққандарға зорлық-зомбылық көрсетуді доғарсын деп талап қойды.
Сонымен қатар, Навальныйдың жазықсыз сотталғанын айтып, АҚШ, Ұлыбритания, Австрия мен басқа құқықтық елдердің өкілі Кремль билігін айыптады. Әр Навальныйды босатуды талап етті.