Bugin
Ресей абыройынан айырылды
Алексей Навальныйға нақақтан жала жабылды және оған тағылған айып "заңнан алыс жатыр". Осылай деп мәлімдеді Германия канцлері Ангела Меркель. Бұл жайлы ол Twitter-дегі неміс билігінің ресми парақшасында жазды.
Ангела Меркель ресей билігінен Алексей Навальныйды босатуды талап етуде.
"Алексей Навальныйға берілген үкім құқықтық мемлекеттік заңында жазылмаған айып. Навальныйды тез арада босату қажет. Бейбіт шеруге шыққандарға зорлық-зомбылық жасауда да доғару керек", - деп мәлімдеді Меркель.
Навальныйды босатуды Германияның сыртқы істер министрі Хайко Мас (Heiko Maas) талап етті.
"Ресей соты шығарған үкім елдің абыройына үлкен соққы болды", - деп жазды ол Twitter-де.
Айта кеткен жөн, 2 ақпан күні ресей оппозиционері Алексей Навальныйға сот үкімі шығарылып, 3,5 жылға сотталған еді.
Бұған келіспеген және Навальныйды қолдаған жұрт жаппай наразылық танытып, 1400 адам ұсталды.