Bugin

Макрон: Ресей үлкен қателік жасады

Навальныйдың ісі – қиын жағдай

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Франция президенті Эммануэль Макрон ресей оппозиционері Алексей Навальныйдың сотталуына қатысты пікір білдірді.

Француз президентінің айтуынша, Ресей билігі Алексей Навальныйды соттау арқылы үлкен қателікке жол берді.

"Менің ойымша, бұл ірі қателік болды. Әсіресе, Ресейдік тұрақтылығына сызат түсіреді. Навальныйдың ісі – қиын жағдай. Сондықтан біз санкция енгізуге мәжбүрміз. Мұндай шешімге келгеніме өзім де өкінемін", - деді Макрон Атланта кеңесі ұйымдастырған онлайнда жиында жасаған баяндамасында.

Айта кеткен жөн, бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден де Ресей билігіне қатаң ескерту жасап, қатаң шараларды қолға алатынын айтқан.

Оппозиционер Алексей Навальный 2021 жылы 2 ақпанда 3,5 жылға сотталған еді.