Bugin

Байден: Мен Трамп сияқты емеспін, Ресей енді жауап беретін болады!

Ресейге төзер төзім жоқ!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Джо Байден бірінші рет Ресейге қарсы жария мәлімдеме жасады. Ол сотталған оппозиционер Алексей Навальныйды босатуды талап етіп, енді АҚШ бұрынғыдай Ресейге жұмсақ болмайтынын айтты. Америка президентіні мәлімдемесі Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

"Ресейдің саяси себеппен Алексей Навальныйды түрмеге тығып, бейбіт наразылықты күштеп басқаны бізге де, әлемдік қауымдастыққа да ұнамайды. Навальныйдың да қарапайым азаматтар сынды конституциялық құқығы бар.  Ол елдегі жемқорлықты ашып көрсеткені үшін нақақ жазаға кесілді. Оны тез босатуды талап етеміз", - деп мәлімдеді Байден.

Сондай-ақ мәлімдеме барысында Байден Ресейге қатаң ескерту жасады.

"Мен бұрынғы президент сияқты (Трамп – ред.) Ресейге жұмсақ болмаймын. Болмайтынымды да ашық жеткіздім. Енді АҚШ-тың Ресейдің агрессиясына төзетін төзімі жоқ. Ресей бәріне жауап береді әрі халқымыздың мүддесін болаттай қорғаймыз",  - деді Байден.

Айта кеткен жөн, 2 ақпан күні Ресейде оппозиционер Алексей Навальныйдың соты болып, "алаяқтық" бабы бойынша 3,5 жылға сотталған еді. Бұған ресей жұрты наразылық танытуда. 

Оқи отырыңыз

Неміс билігі: Путин, Навальныйды босат!

Билікке Навальный келсе, Назарбаев Қытайдан бір-ақ шығады