Bugin
Еркіндікке ие болып, азаттықтың ақ таңын атырсақ та өзге ұлттың бұғауында жүргеніміз жасырын емес!
"Эллисон" деген қай ел азаматының тегі деп ойлайсыз? Америка азаматы екенің қарапайым көзбен-ақ байқауға болады. "Маруавшили" десек ше? Грузин ұлты. "Ванг ше?". Қытай. "Ханбель" - Кәріс. Есімдерге қарап қай ел азаматы екенің бірден аңғарамыз. Себебі сөздердің өз еліне бояуы сіңіп, өзіндік коды енгізілген. Ал Қазақстанның тәуелсіздік алғанына бірнеше жыл болса да кеңес заманынан сіңген "-ов", "-ев", "-ова", "-ева" атты қосымша жалғаулардан арыла алмай жүргенің жиі байқап та, көріп те жүрміз.
Тәуелсіздік алғаннан кейін тұңғыш елбасымыздың жарлығына сай "-ов", "-ев", "-ова", "-ева" жалғауын қолданбай қызы, ұлы атты қосымшаларды қолдана алу мүмкіндігіне ие болдық. Алайда бұл қосымшаларды қолданатындар әлі күнге азайған жоқ. Кеңес заманының қалдығы көбеймесе, азайар емес. Күні бүгіннің өзінде байқап отырғанымыздай, биліктен бастап, қатардағы азаматтарымыздың дені тегіндегі "-ов", "-ев", "-ович", "-евич", "- овна", "- евна" қосымшаларынан арылуға асығар емес.
Қазіргі таңда сәнге айналған бұл жалғаулықтардың тарихи тамыры тереңде жатыр. Заманауи болғандықтан, естір құлақ пен етіміз үйренсек те тарих бұл жалғаулар орта ғасырларда орыс үкіметінде құрметті адамның құлына жалғанғаның дәлелдейді. Десе де, бұл қосымшаларсыз адамның есімі мен тегін айыру қиындық тудырады. Мәселен, Болат Ернұр, Нұрлан Ержан, Мұрат Диас тәрізді тектерден аты мен атасының айыру мәселеге әкеледі. Мұндай қолайсыздықтар бірізділікті қажет ететіні сөзсіз.
Осы мәселеге байланысты кейбір ғалымдар атасының есіміне "-тегі", "-үбірі", "-немересі", "-ұрпағы", "-шөбересі" т.б қосымшаларды жалғауды ұсынды. Бірақ ҚР-ның отбасы заңына сәйкес 194-бапта мұндай сөздерді қосып жазуға тыйым салынғаны айқын жазылған. Бұл қосымшалар ата тарихымызда қолданыста болмағандықтан, ұлттық жадымыздан түбегейлі орын алмаған.Қоғам мен уақыттың қабылдауы қиындыққа әкеледі. Жасанды түрде қосып жазған күнде де, тұрақталуымыз ұзақ уақытты қажет ететіні сөзсіз. Қазақстандағы адам есімі мен тегінің жазылуы әлі күнге дейін күрмеуі шешілмеген күрделі мәселе десек болады. Көптеген ғалымдар өз пікірлерін жолдаса да бүгінгі уақытқа дейін белгілі бір ұстаным тұрақталмады.
Белгілі журналист Серік Жұмабекұлы адамның тегіне лексикалық тұрғыдан зерттеу жүргізіп, "-дан", "-ден", "-тан", "-тен" деген шығыс септік жалғауларын қолдануды ұсынған. Әйтсе де, мұндай ұсынысты ғалымдар қауымы қабылдай қоймады.Бұл да "Кімнен тарадың?", "Кімнен туылдың?" деген сұрақтар тудырып, қолайсыздыққа әкелетіні мәлімделген болатын.
Ал батыстық үлгілер бойынша адамның есімі тегінен бұрын жазылады. Көптеген елдерде де халықаралық үлгі ретінде қарастырылады. Яғни, бұл жүйе бойынша жалғаулықсыз тұрған адам тегін есімінен оңай ажыратып алуға болады.
Болашақта қазақ әліпбиі латын қаріпіне көшкенде адамның аты-жөнің жазарда ереже қабылданатыны айтылды. Бірізділік орнамай, бұрыс жүйенің бұғауында қала беретініміз ақиқат. Мұндайда оң шешімнің қабылдауын ел болып күтеміз!Мәдениетімізде қаптап кеткен тек орыс тілінен енген жалғаулықтар емес, парсы тілінен енген "и" жұрнағы да арамызға енейін деген. "Әл" артиклін қосарлап жазып тегіміздегі тектілікті ұмыстпасақ игі.
Мұның бәрі бір жүйе болмағандықтан ата-тегімізлі жазу ауыздықсыз кетіп бара жатқаны деп түсінеміз. Меңінше, өз тегімізді жазарда өзге елдің жалғаулығына жалтақтаудың қажеті жоқ.
Кешегі біртуар Алашорда көсемі Әлихан Бөкейхан да бірінші жалпықазақ сьезінде "Қазақ аты-жөнің орыс халқына еліктеп "-ов, -ев" деп жазу тоқтатылсын. Бұдан былай қазақ азаматтары өз аты-жөндерің ұлттық дәстүрмен Абай Құнанбайұлы деген сияқты жаздырсын,біз де Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы болайық!" деп жалынды үндеуін жолдаған болатын.
Бір кездері айтылған кешегі Алаш идеясы бүгінде тағы жаңғыру керек деп ойлаймын. Кешегі солақай саясаттың сойқан тірлігінен құтылғанымызды тағы бір дәлелдеуге тиістіміз. Кеңес заманыңда халық аты түгілі,тегін айтуға үркіді. Ал қазір тегімізге арнайы қосымша ойлап тапқаның күтпей-ақ, ата-тегіміздегі бағзы дәстүрімізге сай "-ұлы, -қызы" сөздерін қалауымызша тегі ретінде немесе үшмүшелі үлгіде әкесінің аты ретінде жазып, ұстанғанымыз жөн шығар деп ойлаймын.
Сонау жылдардағы сұрқия саясаттың табанымызға батқан тоталитарлық жүйесі кезіндегі жыртық,жамаудан құтылмасақ қазақ атауымызға сын емес пе? Бірде Маршал Баграмянов Бауыржан Момышұлына келіп: "Сіз тегіңізді «Момышов" деп өзгертіңіз" дейді талап етіп. Сонда қаймығуды білмейтін Бауыржан: - Ендеше сіз неге Баграмянов болып отырмайсыз?, - деп дүрсе қоя берген ғой. Маршал мұндай жауаптан соң үнсіз қалыпты.Ендеше, біздің әлі кеңес заманының жамауын жамылып жүргенімізге не себеп? Қолымыз аузымызға жеткен заманда кімнен қаймығып жүрміз? Тектілік тегімізден басталады емес пе?!