Қоғам

Жалақы көбейсе, жемқорлық азая ма?

Салық қызметкерлеріне жемқорлықты азайту үшін бірыңғай форма беріліп, жалақысын көтереді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде салық қызметкерлерінің жалақысын көбейтіп, бірыңғай киім үлгісін енгізуді жоспарлап отыр. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, бұл шаралар жоғары білікті кадрларды сақтап, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.  

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік кіріс қызметкерлері жалақы төмендігінен, әлеуметтік қорғансыздық пен жауапкершіліктің жоғары болуынан сыбайлас жемқорлыққа жол береді. 

Осы себепті, алған білімі мен дағдысын жиі қолданатын тәжірибелі жұмысшылар жұмыстан кетуге мәжбүр. Осыған байланысты базалық жалақыға үстемақы және бірыңғай киім үлгісін енгізу ұсынылды", - деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бұл шаралар жоғары білікті кадрларды жұмысқа тартуға, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарының мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді.