Қоғам

Оскар алған Netflix-тік 5 фильм

Келесі премияға дейін міндетті түрде көріңіз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2021 жыл Netflix және «Оскар» тарихындағы ең өзгеріске толы жыл болуы мүмкін. «Оскар» сыйлығын кім алатыны әлі анықталмағанымен, айқын жеңімпаздар бар сияқты. Мысалы Дэвид Финчердің «Манк», Спайк Лидің «Қаны бір бесеу» («Пятеро одной крови») және тағы басқа үздік саналатын фильмдерін айтсақ болады.

Биыл 25 сәуірде «Оскар» премиясын ұсынудың 93-рәсімі өтеді. Ендеше бұл марапаттың нағыз иегері атанған киноиндустриядағы үздік 5 фильмді еске түсірсек.  

 «Не болды, мисс Симон?» (2015)

Режиссер – Лиз Гарбус. Фильм музыка индустриясының жұлдызы Нина Симонның өмірі мен мұрасы жайлы. Ол фильмде саяси бағдарланған және арандатушы рөлінде ойнайды. Бұл кино «Оскар» номинациясын ең үздік деректі фильм ретінде алған. Бас кейіпкердің мінезін, оның дауысын мойындамау мүмкін емес.

 «Он үшінші» (2016)

Кейіпкерлер құрамында қоғам белсендісі Анджела Дэвис, жазушы Джелани Кобб және құқық қорғаушы Мишель Александр бар. Бұл фильм АҚШ-тағы нәсілшілдік, ұлтшылдық мәселесін қозғайды. Аталған фильм де «үздік деректі фильм» ретінде Оскар номинациясын жеңіп алған.

«Икар» (2017)

Режиссер – Брайан Вогель. Фильм басты кейіпкердің Мәскеудегі допингке қарсы зертхананың басшысынан көмек сұрауынан басталады. Әрі қарай фильм сюжеті допингке қатысты шытырман айналасында өтеді.

«Бастер Скраггстың балладасы» (2018)

Жойқын атыс. Сәтсіз тонау әрекеті. Алтынның артынан түскен аңшылар. Дәл осы алты оқиға көрермен көзайымына айналмай қоймады. Фильм Батыстық жанрда түсірілген. Көрермендер есінде тапқыр сценарий, керемет костюмдер дизайны және «When a Cowboy Trades His Spurs for Wings» атты саундтрегы арқылы қалған.

«Америкалық фабрика» (2019)

Огойо штатындағы зауыт жабылғаннан кейін, көп адам жұмыссыз қалды. Ал қытайлық миллиардер тұрғындарға жоғалған жұмыс орнын қайтарамын деп шешеді. Әрі қарай не болғанын фильмнен көре аласыз. Режиссер – Джулия Райхерт және Стивен Богнар.