Bugin

Дариға Назарбаева балабақша қызметкерінің еңбекақысын көтеруді ұсынды

Мемлекеттік тапсырыстың сомасы аз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева елдегі жекеменшік балабақшада жұмыс істейтін тәрбиелеушінің аз жалақы алатынына қынжылады. Әрі бұл мәселені шешуді ұсынды. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы platon.asia-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, алдағы 2 жылдың мемлекеттік тапсырыс жоспарында жекеменшік мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жалақысын көтеру туралы сөз жоқ.

"ҚР Білім министрлігінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының методикасына өзгеріс енгізу жайлы қаулысында қызметкердің еңбекақысын көтеру жайлы былай делінген: 2020 жылғы дейін еңбекақыны – 25%, 2021 жылы – 50%, 2022 жылы – 75%, 2023 жылы – 100% көтеру ұсынылған. Бірақ жекеменшік балабақша қызметкерінің еңбекақысы жайлы ештеңе жоқ. Сол себепті олардың еңбекақысын көтеру қажет", - деді Назарбаева.

Депутат білім министріне аймақтағы мемлекеттік тапсырыстың көлемі қандай, соны анықтаңыз деп өтініш білдірді. Оның айтуынша, мемлекет тарапынан жекеменшік балабақшаларға берілетін мемлекеттік тапсырыстың бір балаға бөлгендегі сомасы аз. Негізгі стандартқа келмейді.

Оқи отырыңыз:

Дариға Назарбаева депутат болып сайланды

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61