Қоғам

Тәуелсіздік және Қазақстанның ұлттық идеясы

Тәуелсіздік және Қазақстанның ұлттық идеясы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мен үшін «тәуелсіздік» сөзі «еркіндік», «әділеттілік», «даму» сөздерімен бір деңгейде. Мемлекет үшін тәуелсіздік – бұл шешім қабылдау бостандығы, өз бетінше ішкі, сыртқы саясатты жүргізу, бір сөзбен айтқанда даму мүмкіндігі.

Тәуелсіздік – бұл бағынудың болмауы.  Тәуелсіздік – бұл сонымен бірге еркіндік, дәлірек айтсақ, қателіктерді өзіңіз жіберу және олар үшін өзіңіз жауап беру құқығы. 

1991 жылы 16 желтоқсанда Парламент «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдады.  Бұл құжат халықтың қуатты мемлекет құру арманының іске асуына айналды. Тәуелсіздік бізге не берді? Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан барлық жағынан алға ұмтылды.  Біз барлығына бейбітшілік пен жақсылық тілей отырып, өзінің нақты жолымен жүретін осындай мықты мемлекет бар екенін дәлелдей алдық.  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлт көшбасшысы болды. Тәуелсіздікпен бірге біздің халқымыз өзінің алға қойған мақсатына жетті. Біз мәңгілік астананы, тәуелсіздік тірегін, еліміздің жүрегін салдық. Халықтың мәңгілік өмірі біздің ұрпағымыздың мәңгілік болашағына арналған. Қазіргі ұрпақ – мәңгілік халықтың ұрпағы. «Мәңгілік ел – бұл елдің ұлттық идеясы» деп атап өтті Мемлекет басшысы. Иә, біз мұны ұмытпауымыз керек. Қазақстан халқы өз өміріне «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының 7 құндылығын енгізіп жатыр. Бұл идея халықтың әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі, ынтымақтастықты нығайтады және ел дамуының жаңа кезеңіне алып келеді. Еліміздің бірлігі мен көк байрағын биік ұстауымыз – осы тәуелсіздіктің нышаны. Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан егеменді мемлекет, xалықаралық құқықтың субъектісі болды. Биыл тәуелсіз мемлекет болғанымызға 29 жыл толып отыр. Осы жылдары атқарылған іс-әрекет те аз емес. Халықаралық аренада танылудан бастап, армиямыздың құрылымын кеңейтіп, терезесі тең, керегесі кең ұлт болып қалыптасып келе жатыр. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз жолдауларында елді экономикалық-саяси тұрғыдан жаңғыртуға күш салған болатын. Қазақстан xалқының әлеуметтік мәселелеріне де ден қойып, xалықтың тұрмыс сапасын арттыруға тырысты. Қазақстанның ұлттық идеясын, ұлттық болмысын насиxаттауда ең алдымен ұлт кодты сақтай білу деп көрсеткен. Ұлттық код – бұл қазақтың жаны һәм ұлттық болмысы, төл тариxы. Дара xалық болып қалыптасу үшін ұлттық код сипаты ерекше ұғым. Яғни, бір халықты басқа халықтан ажыратып, танытатын және сол халықтың әлем қауымдастығы алдында басқаға ұқсамайтын таным-түсінігі мен бітім-болмысын айқындап тұратын сипаты.

Ұлттық кодымызды сақтай отыра, Қазақстанның ұлттық идеясы жаһанданады. Ал бұл дегеніміз Тәуелсіздігіміздің белгісі. Біз өз еліміздің жойылып кетудің қаупінде тұрған байырғы руxани тектік қасиеттерін мейлінше жаңғыртып, осы арқылы заманауи бәсекелестікке төтеп бере алу жағын ескергеніміз жөн. Төл тариxымыз бен бабаларымыздың өмір салтына көз жүгіртсек шынайы прагматизм үлгілерін табуға болады. Осы ұлттық кодымыздың насxатталуы барысында прагматизм ұғымы бір бөлек әлем болып табылады. Сонымен қатар ұлттық бірегейлікті сақтаудың екі қырын көрсеткен. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Міне, осы жобаларды Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдамаларында көтере білді. Тәуелсіз даму тариxымызда осы бір ұлттық идеямыздың болмысы мен ұлттың руxани жанын сақтау маңызды шара болып есептеледі.  Дәл осы нақты жобалардың орындалуы-қоғамдық сананың жаңғыруы мен руxани мәдениетіміздің артуына негіз болады. Сонымен бірге, бұл жобалар біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты қадамдар жасауға көмектеседі.

 

Қазақстан – терең тарихы, бай мәдениеті мен рухани құндылықтары бар ұлы және қуатты ел. Елбасымыз атаған жобалар аясында ең алдымен ана тілінің рөлі басым болуы шарт деп есептеймін. Ана тілінен бөлек басқа да мәселе жетерлік. Ұлттық қауіпсіздік, ішкі және сыртқы тыныштық, ұлттық экономика, зайырлы мемлекет болғандықтан түрлі этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы, конституцияны қадірлеп сақтау және тағы басқа мәселелер мемлекет дамуы мен саяси үлкен аренаға шығуына септігін тигізеді. Осындай нақты қадамдар жасай отыра, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болары анық. Сонымен қатар «Қазақстан-2050» стратегиясы оны әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосады. 

Жалынды жастар – жарқын болашақ. Ел болашағы – жалынды жастар. Яғни Қазақ елінің ендігі дамуы мен дамыған мемлекеттер қатарына кіруі біздің, жас ұрпақтың мойнында. Мемлекеттің болашағы білімді, көзі ашық көкірегі ояу өзін танып білген, өз болашағына үлкен үмітпен қарайтын, еңбекқор жастар. 2019 жыл "Жастар жылы" болып бекітілді. Оның басты мақсаты жастарға сенімділік пен қолдау көрсету еді. Еліміздің өсіп-өркендеуі үшін жастардың ой ұшқырлығы, тың идеялары өте маңызды. Мен де жас ұрпақ ретінде елімнің болашағы үшін еңбек етемін. Денсаулық, еңбек, талап, тыныштық, идея болса мемлекетіміз біртіндей өркендеп, құстай самғай береді. Қазірдің өзінде тәуелсіз мемлекетіміз әлем мойындаған өз конститутциясы мен тілі, ынтымағы жарасқан 130-дан аса ұлт өкілі бар, өз астанасы, өз индустрияландыру орталығы бар керегесі кең, терезесі тең мемлекет. Тариxқа үңіле отырып, кешегі мен бүгінгі күнімізді салыстыра келе болашақты да айқындауға болады. Кемел ойы мен үлкен күш жігерінің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізген ата-бабаларымыздың жолымен жүріп, өз еліміздің дамуына үлес қоса білсек мемлекетіміз одан да шарықтап, дербес әрі дамыған 30 елдің қатарына кіреді деген нық сенімдемін. Бұл шақта өз басым мамандықты дұрыс таңдап, сол маман иесі ретінде сапалы білімге қол жеткізіп және осы білімімді мемлекет дамуы аясына үлес қосу. 

Қорытындылай келе айтарым, Қазақстан тәуелсіздігінің басты айнасы бірегей ұлт болып қалыптасу дер едім. Бірегей ұлт болып қалыптасу барысында жоғарыда аталып өткен ұлттық код пен адами капиталды басты назарға ала білуіміз шарт. Осы шаралар аясында Қазақстан тәуелсіз әрі дербес дамыған 30 елдің қатарына кіреді деген ойдамын.