Міржақып Дулатовтың "Біздің мақсатымыз" атты мақаласына талдау

Жүректен шыққан сөз – жүрекке жетеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Серке газеті - 1905-1907 жылдары аралығында Ресейде орын алған бірінші революциясының екпінімен шыққан баспасөз түрінің бірі. Бүгінгі күні газеттің жабылуына басты себеп белгілі ақын-журналист Міржақып Дулатовтың "Біздің мақсатымыз" атты мақаласының жарық көруі  деген дерек бар.

"Жүректен шыққан сөз – жүрекке жетеді" дегендей, бұл туындыны жүрегі елім деп соққан азаматтың, елінің қорғаны мен зиялысының, келешек ұрпаққа үлгі болған дара тұлғаның шындықтан бір шақ алыстамай, ақиқатты ту көтеріп, елінің хал – ахуалын баз қалпында шырылдап, жаны езіліп жазғаны деп дөп басып айта аламыз.

"Қараңғы қазақ көгіне – өрмелеп шығып күн болған", "боранды уақтарда 1000 қойды бастаған серке" қызметін өмірінің соңына дейін атқарған Алаш көшбасшылары қауымы болды емес пе? Көзі ашық, көкірегі ояу қазақ халқының аға атамандары Ресей мемлекетінің отарлау саясатының мән-жапсарын ертеден терең түсініп, қараңғы үңгірде майшам таба алмай қалған дәрежеге жеткен халықты "Оян, қазақ!" деп жігерлендіріп, көзін ашып, жеке құқықты, мемлекеттің тәуелсіздігі мен дербестілігін алға тартып, ақиқаттылықтың жолына мызғымас шың салып берді. 

Қазақ елінің қамын жеп, қасықтай қаны мен жаны қалғанша патша өкіметіне тізерлемей, халқының көз жасы мен қаперсіз өмірін, Ресей мемлекетінің отарлау саясатының астарларын өз еңбектері мен мақала – шығармаларында баян етіп, халқының жолында аза шекті. 1937-1938 жылдары қазақтың маңдайына біткен, біздің дана, дара көшбасшыларымыздың репрессияға ұшыраған күні  жүректі қан жылатқан, ана-әкесіз қалған жетім баланың рөліндегі халықтың қаннен-қаперсіз  мұңды, бейшара күні...

"Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деп дана қазақтың нар айтқаны бар. Міржақып Дулатұлының "Біздің мақсатымыз"  атты еңбегі күні бүгінге дейін 29 жылдық Тәуелсіздігі бар қазақ елінің, бүгінгі Қазақстанның, сұр жағдайын еш бұрмаламай көрсетіп тұрғаны –  кеудеде тынысты тарылтып, өкпені жауып, тіл бұрмаланатын толқыныс берсе, енді бірде жарқын болашаққа қорқыныш сезімін тудырғандай әсер қалдырады. 

Мақаланың тыңдарман және оқырманның назарын аударталық тұсы – сауатты һәм нақты келтірілген аргументтер мен фактілер, ащы шындықтың мақала ретінде көсіле төгілуі себеп болып отыр.

Ең алдымен, қазақ халқының  – Россияға тәуелді халық екендігін, халық күйзелісі мен мұң-мұқтажын естір құлақ пен көретін көздің жоқтығын, үстем тап өкілдері – шенеуніктер мен урядниктердің кедей қазақтарды ұрып-соғып, мал-мүлкін тартып алуын қағаз бетіне түсіреді, қазақ халқының негізі дін мен атада балаға тараған әдет-ғұрыптарымызға араласып, діни кітаптарды шектеуін, оған қоймай, отарлық саясаттың нақ көрінісі - Ресей мұжықтарын қазақ жеріне жаппай көшірілуіне қарсы шығады.

Қазақ халқының назары мен көңілін аудару мақсатымен ашылған Мемлекеттің Думаның жиын кешінде сөз көтерген Б.Қаратаев, Ш.Қосшығылұлы, А.Бірімжан, Т.Нұрекенұлының көтерген мәселелері халықтың талап-тілегі, арнайы дәстүрімізге және дербес мемлекетке сай заңдарды шығару мен елдің тәуелсіздігі еді. Басты мақсаты - қазақ жерін отарлау болған патша үкіметі араға уақыт салмай Мемлекеттік Думаның жұмысын ресми түрде тоқтатқаны жайлы да сөз болады. Сөз соңында туған халқына берілген азаматтардың бейне бір қылмыс жасағандай жазаға тартылуы – асылып, атылуға дейінгі дәрежеге жеткендігін басып айтады. Менің ойымша, мұндай мақаланы қазіргі күнге дейін мағынасы мен маңыздылығын жоғалтпай жазу үшін, біріншіден, адамгершілік болмыс (таза жан дүние, Отанға деген адал сезім, ыстық махаббат), тәрбие, екіншіден терең білімді игеру, үшіншіден асқан батылдылық қажет деп ойлаймын.

Мақаланың бүгінгі Қазақ халқының жағдайына әсте ұқсас болуы, бізге, күллі қазақ жұртына бір мәнді ұғындыртып тұрған сілтемесі бардай. Заман өзгерді ме, әлде қалай болғаны..?

Тәуелсіздік тек ақ қағаздың бетінде жазылуы тиіс болып қана қалған қадірі жоқ ұғымға айналғандығы ма, патша үкіметінің ұлан байтақ қазақ жерін иемденіп тонауы, жергілікті қазақ жұртын көсемпаздарынан айырып, ашаршылықтың ащы уын сездіртіп, таза геноцид жасап, мәңгүрттік халге жеткізуі - дәл қазіргі Қазақстан үкімет басшыларының бейнесінде өмірге қайта қайтып келгендігі ме?

Жапан далаға аударылып, тар қапаста күнелткен, өз өмірімен емес – халқының болашағымен күнін көрген, бар өмірін білім мен ғылымға, Қазақ елінің шынайы , ашық түрде жеке, дербес, тәуелсіз мемлекет атануына сарп етіп келе жатқан саяси қоғам қайраткелері  – бүгінгі күні күннің шуағы түспей, сар даланың самал лебі сезілмеген тар қапасты абақтыда отырғаны – көңілге кірбің әкеледі... Халық жолында аза болған бар қайраткерлер – әр кез қазақ халқының жүрек төрінен ойып тұрып орын алатыны сөзсіз.

Зиялы қауымның өмірбаяны, шығармашылық еңбегі – алтыннан қымбат құнды жәдігер һәм мәңгі адалдық пен білім мен ізденістің ұшқын көрінісі . Жылдар мен ғасырлардың аражігіне қалып қоймас, Қазақ елінің қаһарман, абзал «Оқжетпестері» елдің тарихында мәңгі ақ жазумен, жүректерінде білім мен лапылдаған ел мен жерге деген ыстық алау сезіммен жадыда қалмақ.