Bugin
Орыс тілінің қазіргі жағдайы мүшкіл
Қазақстан халқы – ТМД елдері арасында орыс тілін өте жетік меңгерген ел. Әрі мұндай қабілеттен айырылып қалмағаны абзал. Осылай деді Қазақстандағы Ресей елшісі Алексей Бородавкин Комсомольская правда басылымына берген сұхбатында. Мұны Bugin.kz платформасы хабарлайды.
"Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ұлттық тілдің абыройы мемлекекеттік деңгейде болғаны аса маңызды, әрине. Бірақ Қазақстанның Ата заңында қазақ тілімен бірге орыс тілі де ресми органдарды қатар қолданылады деп көрсетілген. Орыс тілі – кез келген Қазақстан азаматы үшін артықшылық, қосымша қабілет пен білім. Ал одан бас тарту ақымақтық болар еді. Оның үстіне, Еуразия интеграциясына орыс тілі өте қажет", - дейді Алексей Бородавкин.
Елшінің айтуынша, қазақстан азаматтары орыс тілін жетік біледі. ТМД елдері арасында ең жетік білетін елдердің бірі.
"Бір жағынан, Қазақстанның орыс тілінен бас тартып, осындай артықшылықты жоғалтып алғаны дұрыс болмас. Керісінше, орыс тіліне көңіл бөлу арқылы білімін арттыруына болады. Өкінішке қарай, бұрынғы Кеңес елдеріндегі орыс тілінің қазіргі жағдайы мүшкіл халде. Ресейде де, Қазақстанда да орыс тілін білушілер азайып барады. Жағдайды жөндеу үшін бәрін жасаудамыз. Мұғалімдер, оқу-әдістемелік құралдар дайындап жатырмыз. Қазақстанда орыс тілінде сабақ беретін Ресей физика-математикалық мектебін ашу мәселесі пысықталуда. Оны бітіріп шыққан түлектер Ресейдің жоғары оқу орындарына түсе алады", - дейді елші.
Елшінің айтуынша, Ресейде 74 мың қазақстандық студент білім алып жатыр. Қазақстаннан Ресейге білім алуға кетушілер де көп.
"Егер Қазақстан жастары орыс тілін білмесе, Ресейге оқуға түсе алмас еді ғой. Менің ойымша, қазақстан сол үшін де орыс тілінен бас тартпайды", - дейді елші.
Оқи отырыңыз
Мәжіліс депутаты орыстарға қазақ тілін үйретудің жолын айтты