Bugin

Қазақ жерінде Атом станциясын салуға қарсысыз ба?

Қазақстан өзін сыйласын!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның белгілі қоғам белсенділері елде Ресейдің атом электр станциясына салуына қарсылық білдіруде. Олардың айтуынша, Қазақстан аталмыш жобаға рұқсат берумен бірге Ресейге тәуелді, масыл болып қалмақ.

Мәселен, саясаттанушы Досым Сатпаевтың айтуынша, Ресей атом станциясын салу арқылы Орталық Азиядағы беделін арттыруды көздеп отыр. Өзбекстанда атом станциясын салуды келісіп алды. Құрылысы 2022 жылы басталмақ. Жобаның авторы – "Росатом" холдингі.

"Атом станциясы салынса, Қазақстанда өзімен-өзі Ресейге тәуелді боп қалмақ. Өйткені кадр дайындау, станцияны жөндеу, күтіп-ұстау үшін Ресейге жүгінетініміз анық. Ал Навальныйды соттап, санкцияның астында қалған Ресейге байланып қалғанымыз қаншалықты дұрыс? Оның үстіне, құрылысты салуға кететін қаржы қанша? Оны кім береді. Мәселен, Өзбекстанда атом станциясы 11 млрд долларға салынбақ. Қаржының жартысы Өзбекстан бюджетінен алынса, келесі бөлігі Ресейден несие түрінде алынбақ", - деп жазады Сатпаев Facebook-те.

Оның айтуынша, ең басты мәселе – Қазақстан билігі бұдан қандай табыс табады, экологиялық қауіпсіздігі қаншалық, экономикалық тиімділігі неде сынды сауалдарға әлі күнге дейін нақты жауап жоқ.

"Біздің билік үндемейді. Ал Ресей болса, ақпаратты үйіп-төгіп жатыр. Соған қарағанда біздікілердің күмәні басым сияқты. Ендеше күмәні бар іске бас сұғып қажеті қанша?! Қазақстан өзін сыйлауы қажет. Жерді сыйға тартқан біз деп арандату айтқан, ЕЭО аясында біздің компанияларға қолдан қысым көрсеткен, біздің нарықты сыйламайтын көрші елмен жақындасудың қажеті жоқ", - дейді саясаттанушы.

Ал қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанның айтуынша, елде атом станциясын салу тағы бір қасіретке әкеледі.

"Ресейдің Атом электр станциясын салуға қарсымын! Чернобыль апатының нәубетін бәріміз көрдік. Бізге бұл 21 ғасырдағы ашаршылық болмақ. Біздің экологтар неге үндемей отыр", - деп жазады саясаттанушы Facebook-те.

Айта кеткен жөн, жақында Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин "Комсомольская правда" басылымына берген сұхбаты жарияланды. Мұнда елші Ресейдің Қазақстанда атом станциясын салуға дайын екенін білдірген.