Инновация

«Сандық Қазақстан» моделі: қазіргі заман келбетіндегі болашақ»

Жалпыұлттық адамзат бірлестігі – мемлекет деп аталатын шоғырды мекендейтін негізгі қайнар көз.  Белгілі бір мемлекеттің пайда болу тарихының көзі тереңде жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дәл осы саланы, «инеден құдық қазғандай» іздесек, тарихтың баз қалпындай болмағандығын көруге болады. Тарихтың шындығын іздеу – ашылмайтын құпия. Бұл бір үлкен, зәулім, әдемі де биік шаһары бар мемлекет ғимаратының кілтін іздеумен тең. Біз білетін тарихи оқиғалар мен фактілер ашық күйде беріледі. Алайда оның ақиқаты басқа. Міне, ғасырдан – ғасырға жалғасқан, алпауыт соғыстар мен қиын-қыстау кезеңді, дүниеқоңыз ханды бастан кешіріп, бір жерден орталықтандырылған ұлт тобы, ақыр аяғында өзінің аңсаған тәуелсіздік таңына да қол жеткізетін күні туады екен. Бүгін өзімді бақытты ұрпақ қатарына жатқыза аламын. Әнұраным шарықтағанда орнымнан атып тұрып, «Қазақстаным!» деп шарқ ұратын қазақтың рухты, өжет қызымын.

Тәуелсіз мемлекет деп демократиялы, туы, елтаңбасы, әнұраны, қасықтай ғана қанын қорғағандай өзінің жеке мемлекеттік тілі бар дербес мемлекетті атайды. Қазақ халқының мәдениеті де заман ағымына қарай өзгеріп отырды. Негізінен көшпелі және жартылай отырықшы күй кешіп, өмір сүрді. Күнделікті тұрмыс, дүниетанымы, наным–сенімі, отбасылық құндылықтары, туып–өскен жерге деген сүйіспеншілік сынды ұғымдар – материалды және рухани мәдениеттің мызғымас қайнар бөлшегі болып орнады.

Қазіргі таңда аспаны ашық қазақ халқы өзіндік жалғасып келе жатқан төл мәдениетін одан әрі жалғастырып, жаңа, заманауи тұрғыда даярлауда. Бұл – ұлттың өзіндік ерекшелігін, айшықтығын, мінезі мен тарихын білдіретін белгілер жиынтығы.

Мәдениеті көркем, тарихы терең, халықтың ұлы да дана тұлғаларын қай уақытта болмасын жырлауға, баяндауға халық жастары даяр. Себебі, бұл – ұлт жетістігі мен көрсеткіші.

Мәдениет пен өркениеттіліктің бесігі болып табылатын Қазақстан мемлекетінің  тарихында алғаш рет «Сандық Қазақстан» деп аталатын мемлекеттік бағдарлама жүзеге асып жатыр. Бұл, ең алдымен, адам өмірінің жеңілдетуге, қағазбастылықты шектетуге арнайы бағытталып отырған бағдарлама. Заманның ағымы мен талабына сай, бұл бағдарламаның өзектілігі мен орындылығын байқаймыз.

Мемлекеттің жаһандануы, жаңа «дамыған, жетілген» деп аталатын арнаға бет бұруы – түбегейлі мәдениет пен қоғам санасына, салт – дәстүріне әсер тигізері анық.

Менің ойымша, бағдарламалар аясында, ең басты мәдени капитал – білім екендігінде баса айту. Себебі, ертеңгі болашақ маман иелері, мемлекет басшылары жастардың қолында. Ауқымды, халықтың санасын жаңғыртуға, елдің өркендеуіне елеулі оң жақтылық әсерін тигізетін бағдарламалардың бар болуы – бір жағынан қуаныш ұялатса, ендігі кезекте ұлттық біртұтастылықты сақтап қалуға деген үмітті көншітпей қоймайды.

«Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты орта мерзімді уақыт ішінде Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді уақыт аралығында Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасаудың негізін құру болып табылады.

Менің ойымша, «Сандық Қазақстан» бағдарламасы озық, дамыған ел атану жолындағы мақса емес, ең негізгісі, бәсекеге қабілетті болу, өсім мен өнімді арттыру деп білемін.

Жалпы,  «Сандық Қазақстан» бағдарламалар жүйесі :

•        Инфрақұрылымды дамытуға;

•        адам капиталын жақсартуға;

•        экономика саласын цифрландыруға;

•        мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған іс – шара болп табылады.

Аталмыш бағдарлама бүгінгі таңда, әлбетте, қарқынды жүзеге асып жатыр деп айта аламыз. Себебі, қайсы бір істі тындыру қажеті туындаса, белгілі бір оралықтарға бармай, санаулы уақыттар ішінде, үй жағдайындағы ғаламтор мен технологиялық құрал – жабдықтар арқылы әп – сәтте шешіледі. Цифрландфырумен қатар, мына бір сөз тіркестері де қатар жүреді: ақпаратттандыру, автоматтандыру, жасанды ақыл және роботтандыру. Аталған ұғымдардың келер заманы және бірте –бірте пайда болып жатқандығы – «Цифрландыру» бағдарламасы.

Өзімізге белгілі, әр нәрсенің оң және кереғар теріс жағы да болады (прогрессивті, регрессивті). Айтып отырған себебім, адамзаттың алдында тұрған үлкен қақтығыс: Жаһандану алдында тұрған мемлекеттің басқа арнаға бұрылып, өзіндік төл- тума мәдениетін жоғалтып алу деген қорқыныш, күмән сезімі.

Алаңдатарлық нәрсе, қазіргі кез – жаһанданудың күшейіп, енді – енді дамып келе жатқан дәуірі. Демек, ұлттың рухани мәдениеті мығым, күшті, енжар болуы маңызды. Әрине, мұндай жаман күй, қазағымның басына түспес, бірақ ұлттың мәдени  біртұтастығы болмаса онда оның жойылып кетпеуіне кім кепіл? Міне, мәселе осында жатыр. Ұлт тағдырын сақтап қалу - сол елді – мекенде тұратын, өсіп – өнген азаматтардың борышы деп білемін.  Жақсыға жорыған абзалылырақ дей келе, менің ойымша, қазақ халқы бұл сынақтан да мүдірмей өтіп, өзінің ұлттық – мәдени бет – бейнесін сақтап қалуға рухтық күші жетеді.

«Рухани жаңғыру», «Сандық Қазақстан» сынды мемлекеттік бағдарламалармен танысып, принциптері мен мақсатын білу – өте маңызды. Неге десеңіз, өзіңізге таңсық нәрсені санаңызға сіңіре бастасаңыз, ол сізді құрдымға әкелуі мүмкін. Сол сияқты, Шыңғыс Айтматовтың терминге енгізген «мәңгүрт» ұғымының шынайы белгісіне айналуына бірден - бір ықтимал.

«Дәстүр» мен «Жаңашылдықтың» аражігі күрделі, қарама – қайшылықты мәселелердің бірі. Өзара әсерінің үш түрі қарастырылады, соның бірі – жаңашылдыққа қарсы болу, теріске шығарып, бағзы тәртіпке сүйену; екінші бірі – бағзы дәстүрді бұзып, жаңашылдылыққа бейімделу; үшіншісі – жаңашылдылықты дәстүрге сиятындай етіп қалыпқа келтіру. Ұлт тағдыры осы 3 типтік – құрылымдық мәселе алдында тұр.

Қорытындылай келе, ұлттық идея – барша халықтың ой – танымын, күш – жігері мен іс – әрекетін алға қойып отырған уақытқа тәуелді аса жауапты тарихи міндетті шешуге жұмылдыра, баурап әкететіндей күш, рух болуын қалаймыз деп ойлаймын. Уақыт арасында қалып қалмай, дәуірмен жаңарып отыру қажет, алайда, ұлттық мүде, мәдениет, салт – дәстүр мен ата – бабаларымыздың сарынды, дара жолын сақтап қалу – бүгінгі адамзаттың парызы.