Қоғам

Рухани кедейлер көп қоғамда

Кім қаласын бұл пақыр, кедей болуды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бірақ тағдырдың ащы тауқыметін көріп жүрген жандар қаншама. Бірі баспанам жоқ десе, енді бірі тіпті бала-шағасына бір үзім нан тауып бергенге қауқарсыз, денсаулығы нашар. Ал тағы бірі мал табамын деп қанша тыраштанса да берекесі жоқ. Иә, тізе берсек мұндай жағдай жетерлік.

Бірақ мұның бəрі – материалдық көмекке зəру кедейлер. Ал мына тас қоғамда материалдық тұрғыдағы кедейлерге қарағанда рухани кедей жандар көп. Осы рухани кедейлер өзінің жағдайын жете түсініп, жүректі пендеден "маған рухани азық бер" деп көмек сұрай ма екен?

Жүрек дейтін ең жұмсақ еттің күннен-күнге қарайып, қатайып келе жатқаны қынжылтады. Баладан анасы, анасынан баласы безінген тасбауыр азаяр емес. Дүниенің соңынан қуып сорлап қалмайықшы, əйтеуір.

"Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық.  Дүниеде еш нəрседе де баян жоқ екені де рас. Жамандық та қайдан байланып қалсын дейсің?" дейді Абай Құнанбаев.

Рухани кедейлік материалдық кедейліктен де әлдеқайда қауіпті.  Бұған себеп те көп. Таңның атысы мен күннің батысы қызу жұмыста бəрі. Арқалаған ауыр міндеті – ақша табу. Осылайша күннен күнге адамдар арасындағы қарым-қатынас жібі жіңішкеріп,  үзілуге шақ қалды. Егер де рухани кедей болмасақ жесірге жəрдем беріп, қиналғанды қолтықтан демеп, мұқтаждың мұңын тыңдап, жан аямай көмек берер едік.

Бір-бірімізге жылы сөз айтуға, жылы құшағымызды ашуға сараңдық танытпайық. Кезегі келгенде бізге  де көмек керек кезде жəрдемдесер жан табылады. Дүние кезегімен, əлі де талай заман өзгерер. Бірақ заманды өзгертетін ол біз-адамдар. Тек рухани кедей болмайықшы.