Bugin
Масс-медиа және коммуникация қызметі – әлем халықтарының күнделікті бір-бірімен тілдесуі және өзара түсінісуіне негіз қалай отырып, қазақ елінің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени және өзге де саладағы тамаша табыстары мен жетістіктерін миллиондаған аудиторияға паш етіп жатыр
Масс-медиа және бұқаралық коммуникация саласының қолданыс аясы күн өткен сайын қанатын кеңге жайып келеді. Сондықтан да осы саладағы орныққан тіркестер мен күнделікті қолданыстағы терминдер әр кезеңге сай ана тілімізге өзге тілдерден еніп, тұрақтап жатқан сөздер де белгілі лексографиялық және лингвистикалық заңдылықтарға бағынады. Себебі қазіргі таңда кез келген салада БАҚ-тың араласпайтын не қолданылмайтын саласы жоқ. Осыған орай, бүгінгі ақпарат ғасырында ауызекі және тілдік қолданыс аясын түрлі лексикалық топ пен терминологиялық бірлік нәтижесінде еселей толықтырып отырғанда, сан миллиардтаған аудиториямен қарым-қатынастағы масс медиа және коммуникация тілінің маңызын арта түсуі де заңдылық болып табылады.
Масс-медиа және коммуникация қызметі – әлем халықтарының күнделікті бір-бірімен тілдесуі және өзара түсінісуіне негіз қалай отырып, қазақ елінің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени және өзге де саладағы тамаша табыстары мен жетістіктерін миллиондаған аудиторияға паш етіп жатыр. Масс-медиа – көп ақпарат тарату құрылғысы, ұйымдастырылған техникалық кешен, кез келген мәліметті ғаламтор, теледидар, газет, журналдар арқылы оқып, көріп, естіп, біліп жатамыз. Бұл – масс-медиа. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) — арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаға әртүрлі мәліметті ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан – қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Әрине ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады. БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру. Бір сөзбен айтқанда, БАҚ – күнделікті теледидар, радио, мерзімді баспасөз басылымы және интернет сайттар. Ал оған қоса жаңа медиа мен жаңа ақпараттық технологиялардың ақпарат таратып, ақпарат жинақтауын да қосуға болады. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. Сарапшылар БАҚ-тың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді:
- жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі;
- арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы;
- ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы
- тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.