Экономика
Жиналған халықтың көптігінен кептеліс болған
Өткен аптада Өзбекстанның Хорезм облысы, Питнак қалашығындағы «Артель» тұрмыстық техникалар мен электроника шығарушы компаниясының алдына мыңдаған адам жиналды. Барлық жиналған халық аталмыш мекемеге жұмысқа кіруге ниетті болған. Себебі жаңа ашылған филиалға қызметкерлер қажеттігі жайлы хабарлама тараған.
Мыңдаған адам жиналғандықтан, кептеліс орнап, адамдар қысылып қалған. Видео астына «мынша халықтың бәрі жұмыс іздеп келді, бірақ ешкім кіре алмады» деп пікір қалдырды көпшілік.
«Артель» Өзбекстандағы электроника шығару бойынша ірі компания саналады. Оның негізін Ташкент басшысы Джахонгир Артықходжаев қалаған. Соңғы мәліметтер бойынша Өзбекстандағы жұмыссыздар саны 13 пайызды құрайды.